«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет74/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ





СӨЖ әр тақырып бойынша берілген арнайы есептер шығарумен негізделеді. Әр шығарылған есеп 5 балға бағаланады. Студент бүкіл семестр бойы барлық есептерді шығаруға міндетті. СӨЖ қабылдау уақтысы менімен алдын ала хабарланады. Аталған мерзімнен кейін алып келінген жобалар қабылданбайды.


САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТЫ

Есептер

1. Ұзақ шетелдік жұмыс сапарына жүрмек болған Сәрсенбаев жиһаз гарнитурын (софа, 2 кресло, журнал үстелі, ас үстелі және 6 орындық), кілемді, кітаптарды, ал сонымен бірге ас үй жиһазын сатпақшы болады. Ал Қамалов Сәрсенбаевтың барлық жиһазын (ас үйдегіден басқасын) және кітаптарын сатып алып, 10 күннен кейін (жаңа пәтерде жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң) алып кететін болып келіседі. Сәрсенбаев заттарын басқа біреуге сатып жіберер деп күмәнданған Қамалов, жазбаша түрде шарт жасасуды талап етеді. Тараптар шарт жасалған сәттен бастап жиһаз бен кітаптардың Қамаловтың меншігіне өтетінін ІІІартта белгілейді. Онымен қоймай, Қамалов Сәрсенбаевқа алдын ала 100 мың теңге кепілпұл беріп, қалған ақшаны Сәрсенбаевтан заттарды 10 күннен кейін беруді уәде етеді. Бірақ сырқаттануына байланысты, Қамалов 10 күн өткен соң заттарды алуға келмейді, Екі күннен кейін Сәрсенбаевтың он бес жасар ұлы электр құралын абайсыз пайдалану нәтижесінде жиһаз бен кітаптар тұрған бөлмеде өрт шығып, бір креслодан басқа, жиһаз бен кітаптар жарамсыз болып қалады.



Бұл жайды естіген Қамалов Сәрсенбаевтан кепілпұлды қай-таруды талап етеді. Серсенбаев оған қарсы болды. Ол өз алдына, шарт бойынша Қамаловтың меншігіне өткен заттардың опат болуына байланысты Қамаловтан төленбей қалған ақша сомасын беруді талап етеді.

Бұл дауды қалай шешуге болады? Қамаловтың талабы кімге қойылуы тиіс: Сәрсенбаевқа ма, әлде оның ұлына ма?

2. Әмбебап дүкені Имановтың сатып алған пианиносын пә-теріне жеткізіп беруді өз міндетіне алады. Тасымалдау кезінде автокөлік жаңбыр астында қалады да, пианино су болып, жарам-сыз күйге ұшырайды. Сатып алушы жеткізілген пианиноны қабылдаудан бас тартып, ақшаны қайтарып беруді немесе ор-нына басқа жаңа пианино жеткізіп беруді талап етеді. Өзінің арызына Иманов әмбебап дукен әкімшілігінен жауап алады. Онда Иманов дукеннен пианино таңдап, оған ақша төлеп, пиа-ниноның меншікті иесі болғандықтан, кездейсоқ себептерден аспаптың бұзылуының салдарын өзі көтереді деп мәлімдейді. Иманов сотқа талап арыз береді. Талап арызында ол әмбебап дү-кенінен пианиноға төленген ақшаны қайтарьш беруді, немесе оның орнына саудаға жаңадан түскен мұздатқышты беруді талап етеді. Әмбебап дүкені өз тарапынан соттан Имановтың сатып ал-ған пианиносын міндетті түрде қабылдауын міндеттеуді сұрайды. Жеткізіп беру міндеттемесі мен затты сатқанда сатып алу-шының мүлікке меншік құқығы қашан пайда болады? Сатып алушы сатуға алынған затты қабылдаудан немесе оның құнын төлеуден бас тартса оның салдары қандай болмақ? Жеткізілген пианиноны қабылдамауға және өз ақшасын қайтарып алуға не-месе пианиноны мұздатқышқа алмастыруға Имановтың құқы бар ма?

3. Қыста Көбенов Уәлиевтен саяжай сатып алады. Мамыр айында өз жанұясын саяжайға алып келгенде оның екі бөлмесін-де Сеитовтың жанұясымен бірге тұрып жатқанын көреді. Сеи-товтың айтуынша, былтырғы жылдың жазында ол Уәлиевтен үйдің екі бөлмесін 5 жылға жалға алып, алайда Уәлиевпен жазбаша шарт жасаспай, жалға алу төлемін тұтастай алдын ала төлеп қойған. Көбенов наразылық білдіріп Уәлиевке барады, ал ол болса, үйдің жүйелі түрде жалға беріліп тұратынын Көбенов біле тұрып, жалға алушылар барын, не жоғын сұрамағандығын желеу етеді. Сонымен бірге, оның ұғынғаны, Көбенов үйге құқық орнатушы құжаттарды рәсімдеуге мүдделі болған, ал жанұясымен бірге шетелде тұрақты өмір сүретіндіктен, саяжайды пайдалану оның ниетінде жоқ деп пайымдайды. Көбенов көмек сұрап қорғаушыға барады. Оған қандай түсініктемелер берген жөн?

4. Үндеспаев Мәметовтан сиыр сатып алады. Көп ұзамай Үндеспаев сатып алынған сиырдың ауру екеніне көзі жетеді. Көмек сұрап барған оған мал дәрігері сиырды союға кеңес береді. Сиырды сойғанда оның қарнынан ине табылады. Мал дәрігерінің қорытындысы бойынша сиыр сатылмай тұрып ауырған. Сойылған сиыр етін сатып, Үндеспаев шығындарын есептейді де, Мәметовтан олардың орнын толықтыруды талап етеді. Алайда Мәметов Үндеспаевтың талабын орындаудан бас тартады. Ол сау мал сатқанын, тіпті қалай да болса оның ауру екені жайлы түк білмегенін айтады. Онымен қоймай, Үндеспаевтың сиыр ауру екенін біле салысымен дереу хабарлау керектігіне сілтейді. Үндеспаев болса, сиырдың ауру себебін білмей, сатушыға талап қоюға негізі жоқ болғанын, ал сиыр сойылған соң тездеп етін сатып, келтірілген шығындарды есептеу қажет болғанын айтады. Сондықтан да Үндеспаевтың ойынша, ол Мәметовқа деген тала-бын уақытында жасап отыр.

Дауды қалай шешуге болады?

5. Қалиасқаров Сарыбасовадан үй сатып алады. Келесі жылдың көктемінде жер асты сулары үйдің астындағы қоймаға еніп, үйдің ұстап тұрған бағаналарын шаяды да, үй жантая бас-тайды. Қалиасқаров сатушыдан үйге төленген ақшалай соманы қайтарып, шартты жоюды, не болмаса жауапкердсн үйдің бұзылған жерлерін жөндеу жұмыстарына жұмсауға қажетті шығындар сомасын алып беруді сұрап, талап арыз ұсынады.

Тап қазір әңгіме үйдің өзінен табылған кемшіліктері туралы емес екенін Сарыбасова сотта айтады. Оның үстіне, сатылған үй маңында әр көктем сайын жер асты сулары үй астындағы қоймаларды суға толтырып жіберетінін бәрі де біледі.

Қалиасқаровтың талап арызы қанағаттандырылуға жата ма?
6. 16 қарашада Хасенов әмбебап дүкеніндс алдын-ала жақсылап қарап, киіп көріп, костюм мен бәтеңке алады. Үйге келгенде Хасенов костюмды тағы киіп көреді, бірақ тігілу пішіні мен костюмның түсі оған ұнамай қалады. Әкесімен ақылдасып, Хасенов жуық жексенбіде, 21 қарашада, костюмды ауыстырып алмақшы болады. Костюмды бұдан соң үстіне кимейді де. 20 қараша күні жұмыстан қайтып келе жатып, баспалдақтан аяғы тайып кетеді, ал сосын жаңа бәтеңкенің біреуінде тұмсық жағынан табаны ажырай бастағанын байқайды. 21 қарашада Хасенов дүкенге келіп, костюмды ауыстырып беруді, ал бәтеңкенің ақшасын қайтарып беруді талап етеді. Әмбебап дүкенінің әкімшілігі костюмның сапасы әжептеуір жақсы, өлшемі де сәйкес екеніне және алмастыру үшін еш себеп жоқ екеніне сілтеп, оны алмастырудан бас тартады. Ал бәтеңке жайында дүкен әкімшілігі оны қайта қабылдауға, бірақ оның орнына басқа жұбын алуға ғана келісімін береді.

Сапасы жақсы костюмның пішіні мен түсі ұнамайтын болса, Хасеновтың оны айырбастап алуға құқығы бар ма? Сатылып алынған аяқ киімде өндірістік сипаттағы кемшіліктер байқалған жағдайда сатып алушы қандай құкықтарға ие болады?

7. Әкімжанова дүкеннен теледидар сатып алады. 20 күн өткен соң ол істен шығады. Дүкенде сондай теледидардың барына
және кепілдік шеберханасында жөндетуді қаламайтынын айтып,
сатып алушы теледидарды ауыстыруды талап етеді.

Кепілдік мерзімі белгіленген тауарларды ауыстыру тәртібі қандай? Аталған жағдайда дүкен теледидарды алмастыруға міндетті ме?

8. Кондитерлік комбинат өнім беру шартына өзгертулер енгізу жөнінде ұн зауытына талап арызымен сотқа барады. Сатып
алушы ұнның жетіспеуін немесе сапасының бұзылғанын байқаған жағдайда сатып алушының талабы бойынша сатушының
өкілі келмеген әрбір шақыруға шартта шара белгілеуді ұсынады.
Зауыт ондай санкцияның орнатылуына қарсы болғанымен, сот
арызданушының талабын қанағаттандырып, ұнның сақталуы
жақсарады деген оймен шартқа әрбір келмеу жағдайы үшін
айып төлеу шараларын енгізеді.

Өнім беру шартында қосымша шаралар белгілеудің тәртібі қандай? Соттың қабылдадаған шешімі дұрыс па?
9. Өнім беру шарты бойынша вагон жасау бірлестігі Жетісу темір жол Басқармасына жолаушы тасымалдайтын 10 вагонды сатады. Пайдаланудың кепілді мерзімінде үш вагоннан электрмашина жасау зауыты шығарған генераторлардың кемшіліктері байқалады. Сатып алушы бірлестіктен нашар сапалы өнім сатқаны үшін айып төлеуін және де генераторларды 2 күн ішінде ауыстырып беруін талап етеді. Темір жол талабын бірлестік 5 ақпанда алады, ал 28 ақпанда оны электрмашина жасау зауытына жібереді. Талапты алған күннің ертеңгісінде зауыт сатып алушыға өз өкілдерін жібереді де генераторларды сапалысына ауыстырады. Айып төлеуден зауыт бас тартады, өйткені, оның ойынша, кемшіліктерді жоюдың 20 күндік мерзімін бұзғаны үшін өнімді сатушы жауапты және шарт бойынша тарап ретінде өнімнің сапасы үшін де бірлестік жауап береді. Егер де бірлестік сатып алушының талабын дер кезінде жіберген болса, онда зауыт та генераторларды ертерек ауыстырып берер еді. Жетісу темір жолы Басқармасы бірлестік тіктен зауытқа сапасыз өнім сатқаны үшін айып төлемі, сонымен бірге вагондардың 1 ай құр тұрғаны үшін шығындардың орнын толықтыру туралы талап арызын сотқа береді. Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?

10.Тігін кооперативі «Жастар сәні» дүкеніне әйелдер көйлегінің бір тобын жеткізеді де шартта белгіленген мерзім өткен соң тауарлар үшін төлем талабын ұсынады. Бірақ дүкен көйлектердің сұранысы жоқ дегенге сілтеп, алған тауарлардың төлемін беруден бас тартады. Дүкен кооперативке шартты бұзып, көйлектерді қайтып алуды ұсынады. Кооператив онымен келіспей, дүкеннен көйлектер үшін 750 мың теңге мөлшерінде соманы, онымен қоса тауар үшін төлем жасаудан бас тартқаны үшін айып төлеуді талап етеді. Сатылған тауарлардың ақысын төлеуден бас тартқаны үшін сатып алушының жауапкершілігі қандай? Тараптар арасындағы дауды қалай шешкен жөн болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет