Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Жобалдау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша



бет77/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150
3. Жобалдау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді.
Шартта өзгеше көзделмесе, жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған шартты орындаудың кездейсоқ мүмкін болмауының тәуекелі тапсырысшыға жүктеледі.
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ал тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша – жаңа бұйымның үлгісін, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгі дайындауға міндеттенеді, тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.
Екінші сұраққа қорытынды:
Соныменен, екінші сұрақты қорыта келсек, мердігерлік шартымен реттелетін қатынастар екі үлкен топқа бөлінеді.
Біріншісі-ұйымдардың шаруашылық мұқтаждықтарын қанағат-тандырады. Бұл қатынастар шаруашылық жүргізуінде пайда болады.
Екіншісі – мердігерлік қатынастар, азаматтардың тұрмыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған.


Тақырыпты пысықтау сұарақтары:

1. Мердігерлік шартының ұғымы, нысаны.


2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты.



  1. Өтелмелі қызмет көрсету шартының ұғымы және түрлері.

  2. Өтелмелі қызмет көрсету шартының орындалуы.

1. Өтелмелі қызмет көрсету шартының ұғымы және түрлері.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелі қызмет көрсету шартының түрлері:

  • Байланыс қызметі;

  • Медициналық қызмет;

  • Мал д.әрігерлік қызмет;

  • Аудиторлық қызмет;

  • Консультациялық қызмет;

  • Ақпараттық қызмет;

  • Оқыту қызметі;

  • Туристік қызмет;

  • өзге де қызмет көрсетулер.

Бұл шарт байланыс қызметін, медициналық, мал дәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге және өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет