Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
3. Жарамсызмәмілелер АК 157-бабына сәйкес мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған ретте мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Осы жалпы жағдайлардың бұзылуына орай мәмілелердің жарамсыздығын белгілейтін жекелеген негіздер АК-тің 158,159,160-баптарында қамтылған.
Мәміле мазмұны туралы талаптарды бұзатын мәмілелер болып, мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен мәмілелер саналады, және мұндай мәмілелер жарамсыз болады.
Мәміле қатысушыларына қойылатын талаптарды бұзатын мәмілелерге: 1)әрекет қабілетсіз азаматтармен жасалған мәмілелер; 2)14 жасқа толмаған адамдармен жасалған мәмілелер; 3) 14 – 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың жасаған мәмілелері; 4)сотпен әрекет қабілеттілігі шектелген азаматтармен жасалған мәмілелер; 5)өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе оларды басқара алмайтын азаматтамен жасалған мәмілелер жатады. Сондай-ақ, бұл топқа заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің шегінен шығатын мәмілелер, және тиісті қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың жасаған мәмілелері жатады.
Мәміленің нотариалды жазбаша нысанын немесе оны мемлекеттік тіркеу туралы талаптарды сақтамау мәміленің жарамсыздығына соқтырады (АК 154,155-баптары). Мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау, оның жарамсыздығын туғызбайды, бірақ қатысушылардың бipeyi мәміле жасасқанын мүлде теріске шығаратын немесе оның мазмұнында келесі тарап талап ететін шарттардың бар екенін мойындамайтын жағдайда оның орындалуын талап ететін тұлға өзінің дұрыстығын растайтын күәгерлік айғақтарды келтіре алмайды.Бірақ басқа, көбіне - жазбаша дәлелдерді келтіре алады.
Егер заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілетін реттерде мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады.
Тараптардың ішкі еркі мен сыртқы ерік білдіруінің сәйкессіздігіне орай жарамсыз мәмілелерге: 1)жалған және қулықпен жасалған мәмілелер(АК 160-бап); 2)жаңылысу садарынан жасалған мәмілелер; 3)алдау, күш қолдау, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер; 4)бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған немесе мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілелер (кіріптарлық мәмілелер) жатады.