4. Өмір-бойы асырауда ұстау. Өмір-бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті, сол азаматты немесе ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір-бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді.
Өмір-бойы асырауда ұстау шартына, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады.
Рента төлеушінің міндеті, рента алушыны тұрғын үймен, тамақпен, киіммен қамтамасыз ету және күтім жасау.
Шартта рента төлеушінің салт-жора қызметін көрсетуге ақы төлеуі көзделуі мүмкін.
Шартта асырауда ұстауға заттай беруді, ақшалай төлеммен ауыстыру мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтін нормаларға негізделген .Айрықша реттеу ҚР АК 28 тармағының 4-де қарастырылған, ол нормалар өмір бойы асырауда ұстау шартын тікелей реттеуге арналған.
Шарт элементтері. Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер азаматтар болып саналады. РФАК-ң өмір бойы асырауда болушы тұлғалар айтылған. Өмір бойы асырауда ұстау шарты детте күн көру үшін өздерінің қаражаттары жоқ, жетіспейтін қария еңбекке қабілетсіз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Өмір бойы асырауда ұстау шартында жағдай басқаша қалыптасады. Әдетте өмір бойы асырауда болып келетін адамның және асыраушының ерекше қалыптасатын, сенімгерлікке негізделетін қатынастары туралы айтылады. Өмір бойы ұстаушы да азаматты азық-түлікпен, тұрғын үймен,киім кешекпен егер керек болған жағдайда денсаулығына қарап және тағы басқаларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Шарт нысанасы. Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлік- тұрғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады.
Нысананың екінші элементі асырауға қатысты орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам тұрғылықты жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғыен үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет.
Шартта асыраудың жалпы көлемі анықталып көрсетілуі тиіс.