Қазақстан республикасының азаматтық кодексi мұрағаттық версия


-бап. Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата12.03.2017
өлшемі1,05 Mb.
#9270
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

       157-бап. Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың 
 
               салдары 
 

 
      1. Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк 
бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, 
тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп 
танылуы мүмкiн. 
 
       2. Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды 
талап етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында 
белгiленедi. 
 
       3. Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екiншi 
тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру 
мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi. 
 
       4. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы 
ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi 
болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай 
мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан 
мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың 
ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi 
тәркiленуге тиiс. 
 
       5. Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана 
болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы 
тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс. 
 
       6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 4 және 5-тармақтарында 
көзделген салдарды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға тиiс мүлiктi 
тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы 
баптың 3-тармағында көзделген салдар басталады. 
 
       7. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, сот мәмiленiң 
жарамсыз болуын туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан мәмiленi жарамсыз деп 
тануға байланысты екiншi тараптың залалын оның пайдасына өндiрiп беруi мүмкiн. 
 
       8. Жарамсыз мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған мәмiленiң 
жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер 
кiрмейдi. 
 
       9. Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы 
оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы. 
 
      158-бап. Мазмұны заң талаптарына сәйкес 
 
               келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы 
 
      1. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп 
негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле 
жарамсыз болады. 
 
       2. Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн 
бұзатын мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк 
себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз 
деп тануды талап етуге құқығы жоқ. 
 
       3. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындаудан немесе 
үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасаған ретте, 
ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс 
болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. 
 
      159-бап. Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi 
 
      1. Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен 
кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады. 
 
       2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын 
бұзатын мәмiле жарамсыз болады. 
 
       3. Осы Кодекстiң 23-бабында көзделген мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа 

 
толмаған адам жасаған мәмiле жарамсыз болады. 
 
       4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап 
алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша 
оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап 
алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 
 
       5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп 
танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп 
танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау 
кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, 
оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн. 
 
       6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның 
қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 
 
       7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң 
мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат 
жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап 
етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi 
адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 
 
       8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу 
әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң 
табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай 
төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi 
жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына 
осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы 
Кодекстiң 150-бабы). 
 
       Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не 
оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы 
екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан 
бас тартуға құқылы. 
 
       9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап 
пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың 
салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң 
талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 
 
       10. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде 
жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы 
мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу (осы Кодекстiң 
9-бабының 4-тармағы) терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн. 
 
       11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай 
құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не 
оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi 
басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс 
болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) 
мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн. 
 
       12. Осы баптың 3, 5-тармақтарында көзделген мәмiлелер жас балалардың немесе 
әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе 
қорғаншыларының талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған 
болса, сот шешiмiмен жарамды деп танылуы мүмкiн. 
 
      Ескерту. 159-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 

211 
, 2007.01.12. N 
225 
Заңдарымен. 
 
      160-бап. Жалған немесе қулықпен жасалған 
 
               мәмiлелер 
 

 
      1. Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған 
жалған мәмiле жарамсыз болады. 
 
       2. Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, 
тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер қолданылады. 
 
      161-бап. Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының 
 
               салдары 
 
      Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау 
мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз 
болуына әкелiп соқтырмайды. 
 
      162-бап. Жарамсыз мәмiлелер бойынша талап қою 
 
               мерзiмдерi 
 
      1. 
(алып тасталды) 
 
       2. Осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негiздер 
бойынша мәмiленiң жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзiмi қорлық 
немесе қорқыту ықпалымен мәмiле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған 
күннен бастап не талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын 
өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл болады. 
 
      Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 

211 
Заңымен. 
 
   5-тарау. Өкілдік және сенімхат  
      163-бап. Өкiлдiк 
 
      1. Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, 
заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған 
мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, 
өзгертедi және тоқтатады. 
 
       Өкiлеттiк өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет 
жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн. 
 
       2. Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар мен 
мiндеттер пайда болады. 
 
       3. Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа 
адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды. 
 
       4. Басқалардың мүдделерi үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар 
(коммерциялық делдалдар, мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар 
және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз 
жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды. 
 
       5. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң 
құжаттарында көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол 
берiлмейдi. 
 
      164-бап. Әрекет қабiлеттiгi жоқ адамдар үшiн 
 
               өкiлдiк 
 
      Әрекет қабiлеттiгi жоқ азаматтардың атынан мәмiлелердi олардың заңды өкiлдерi 
- ата-анасы (асырап алушылары) мен қорғаншылары жасайды. 
 
      165-бап. Өкiлеттiгi жоқ өкiлдiк 
 
      Мәмiле жасауға уәкiлдiк берiлмеген адамның басқа адам атынан немесе 
өкiлеттiгiн асыра пайдаланып жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушi осы мәмiленi кейiннен 
мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады, 
өзгертедi және тоқтатады. 
 
       Өкiлдiк берушiнiң кейiннен мақұлдауы мәмiленi оның жасалған кезiнен бастап 
жарамды етедi. 
 
      166-бап. Коммерциялық өкiлдiк 
 

 
      1. Кәсiпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемi және дербес өкiлдiк 
етушi адам (коммерциялық өкiл) өкiлдiң өкiлеттiгi көрсетiлетiн жазбаша шарт 
негiзiнде, ал ол көрсетiлмеген жағдайда - сенiмхат негiзiнде де әрекет жасайды. 
 
       2. Коммерциялық өкiл сонымен бiр мезгiлде өзiнiң қатысуымен жасалатын 
шарттың түрлi тараптарының мүдделерiн бiлдiре алады. Бұл орайда ол өзiне берiлген 
тапсырмаларды кәдiмгi кәсiпкердiң ыждағаттылығымен орындауға мiндеттi. 
 
       3. Коммерциялық өкiл келiсiлген сыйақыны және өзi тапсырмаларды орындаған 
кезде жұмсаған шығындарын, егер өздерiнiң арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, 
шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеудi талап етуге құқылы. 
 
       4. Коммерциялық өкiл өзiне белгiлi болған сауда мәмiлелерi туралы 
мәлiметтердi өзiне берiлген тапсырманы орындағаннан кейiн де құпия сақтауға 
мiндеттi. 
 
       5. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларындағы коммерциялық өкiлдiктiң 
ерекшелiктерi заңмен белгiленедi. 
 
      167-бап. Сенiмхат 
 
      1. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға 
(сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. 
 
       2. Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн 
мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, 
нотариат куәландыруға тиiс. 
 
       3. Нотариат куәландырған сенiмхаттарға: 
 
       1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп 
жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, 
санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi 
жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар; 
 
       2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын 
органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары 
орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу 
орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң 
сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен 
әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары; 
 
       3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру 
орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары; 
 
       4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған әрекет 
қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау 
органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi. 
 
       4. Хат-хабар, соның iшiнде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар 
мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенiмхатты сенiм бiлдiрушi тұратын 
қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) 
округ әкiмi аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша 
тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, 
сондай-ақ әскери қызметшiлерге сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң 
командованиесi куәландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге 
асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы 
жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куәландырады. 
 
       5. Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және 
өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған 
өздерiне қатысты әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға 
құқылы. 
 
       6. Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай 
құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол 

 
ұйымның мөрiмен бекiтiледi. 
 
       7. Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, 
коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол 
ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс. 
 
       8. Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда саласында 
мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны арнайы ережелермен 
белгiленуi мүмкiн. 
 
       Ескерту. 167-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. 
N 13 
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 
           168-бап. Сенiмхат мерзiмi 
 
      1. Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта 
неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi 
көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады. 
 
       2. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады. 
 
      169-бап. Сенiм ауысуы 
 
      1. Сенiм бiлдiрiлген адам өзiне уәкiлдiк берiлген әрекеттi өзi жасауға тиiс. 
Алған сенiмхат бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң 
мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа 
адамға аудара алады. 
 
       2. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн басқа адамға беруi жөнiндегi 
сенiмхатты, осы Кодекстiң 167-бабының 4-тармағында көзделгеннен басқа реттерде, 
нотариат куәландыруға тиiс. 
 
       3. Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi ол негiзге 
алынып берiлген алғашқы сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек. 
 
       4. Өз өкiлеттiгiн басқа бiреуге берген сенiм бiлдiрiлген адам бұл жөнiнде 
сенiм бiлдiрушiнi дереу хабардар етуге және оған әлгi адам туралы, оның тұрғылықты 
жерi туралы қажеттi мәлiметтердi хабарлауға тиiс. Бұл мiндеттiң орындалмауынан
сенiм бiлдiрiлген адамға нақ өз әрекеттерi үшiн жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, 
өз өкiлеттiгiн берген адамның әрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi. 
 
      170-бап. Сенiмхаттың тоқтатылуы 
 
      1. Сенiмхаттың қолданылуы: 
 
       1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi; 
 
       2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы; 
 
       3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн жоюы; 
 
       4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы; 
 
       5) өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы; 
 
       6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы; 
 
       7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет 
қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы; 
 
       8) сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, 
әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан 
тоқтатылады. 
 
       2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез 
келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл 
құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады. 
 
      171-бап. Сенiмхаттың тоқтатылу салдары 
 
      1. Сенiмхат берушi сенiмхаттың күшiн жойғандығы туралы (осы Кодекстiң 170-
бабы) сенiмхат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң алдында өкiлдiк 
ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi. Сенiмхат осы Кодекстiң 
170-бабының 5 және 7-тармақтарында көрсетiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған 
реттерде дәл сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да 

 
жүктеледi. 
 
       2. Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге дейiн немесе 
бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған әрекеттерi нәтижесiнде пайда болған 
құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшiн 
үшiншi жақтарға қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын 
бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды. 
 
       3. Сенiмхат берiлген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенiмхат 
тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиiс. 
 
       4. Сенiмхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенiмхат бойынша басқа адамға 
өкiлеттiк беру де (сенiм ауысуы) күшiн жояды. 
 
   6-тарау. Мерзімдерді есептеу  
      172-бап. Мерзiм белгiлеу 
 
      1. Заңдармен, мәмiлемен белгiленген не сот тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк 
күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi. 
 
       2. Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен 
есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн. 
 
      173-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң басталуы 
 
      Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен немесе 
мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi күннен басталады. 
 
      174-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң 
 
               аяқталуы 
 
      1. Жылдармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен 
күнiнде бiтедi. 
 
       Жарты жылмен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi 
қолданылады. 
 
       2. Жыл тоқсандарымен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң 
ережелерi қолданылады. Бұл орайда бiр тоқсан үш айға тең деп есептеледi, ал 
тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргiзiледi. 
 
       3. Айлармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде 
бiтедi. 
 
       Жарты аймен белгiленетiн мерзiм күндермен есептелетiн мерзiм ретiнде 
қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледi. 
 
       Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура 
келсе, мерзiм сол айдың соңғы күнiнде бiтедi. 
 
       4. Апталармен есептелетiн мерзiм - мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде 
бiтедi. 
 
      175-бап. Мерзiмнiң жұмыс iстемейтiн күнде аяқталуы 
 
      Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе, содан кейiнгi ең 
таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып саналады. 
 
      176-бап. Мерзiмнiң соңғы күнiнде әрекет жасау 
 
               тәртiбi 
 
      1. Егер мерзiм қандай да бiр әрекет жасауға белгiленген болса, ол әрекет 
мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн орындалуы мүмкiн. 
 
       Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мерзiм осы ұйымда 
белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта бiтедi. 
 
       2. Мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн почтаға, телеграфқа 
немесе өзге де байланыс мекемесiне тапсырылған жазбаша мәлiмдемелер мен 
хабарламалар мерзiмiнде жасалған болып саналады. 
 
   7-тарау. Талап мерзімі  
      177-бап. Талап қою ұғымы 
 

 
      1. Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң 
бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi. 
 
       2. Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және 
оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды. 
 
      178-бап. Талап қою мерзiмдерi 
 
      1. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. 
 
       2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы 
мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi 
белгiленуi мүмкiн. 
 
       3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының ережелерi, егер заң құжаттарында 
өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет