Қазақстан республикасының азаматтық кодексi мұрағаттық версия


-бап. Тәуелдi акционерлiк қоғам



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата12.03.2017
өлшемі1,05 Mb.
#9270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

      95-бап. Тәуелдi акционерлiк қоғам 
 
      1. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен 
астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп 
танылады. 
 
       2. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының 
тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп 
бойынша дереу жариялауға мiндеттi. 
 
       3. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-
бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың жиырма бес 
процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын 
акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес 
проценттен артық дауысты пайдалана алмайды. 
 
       4. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына тәуелдi және өзара қатысатын акционерлiк 
қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен 
айқындалады. 
 
      Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 

154 
, 1998.07.10. 
N 282 
, 2003.05.16. 
N 416 
Заңдарымен. 
 
     V. Өндiрiстiк кооператив  
      96-бап. Өндiрiстiк кооператив туралы 
 
              жалпы ережелер 
 
      1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз 
еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын 
бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. 
 
       2. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. 
 
       3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша 
Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша 
(жәрдем беру) жауапты болады. 
 
       4. Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы осы 
Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. 
 
      Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 
211 
Заңымен. 
 
      97-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы 
 

 
      Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында 
көрсетiлген мәлiметтерден басқа кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; 
кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарналарды енгiзу 
жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне 
оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен 
қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң 
таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен 
құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе 
бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер қабылдау 
тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс. 
 
      Ескерту. 97-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 

154 
, 1998.03.02. 
N 211 
Заңдарымен. 
 
       98-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң мүлкi 
 
      1. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында 
өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi. 
 
       2. Кооператив таза табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив жарғысында 
өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi. 
 
       3. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан 
жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар. 
 
      Ескерту. 98-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 

154 
, 1998.03.02. 
N 211 
Заңдарымен. 
 
       99-бап. Өндiрiстiк кооперативтi басқару 
 
      1. Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы 
жиналысы болып табылады. 
 
       Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне 
бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесi 
мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. 
 
       Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып 
табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және 
қадағалау кеңесi мен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi. 
 
       Тек кооператив мүшелерi ғана қадағалау кеңесi мен өндiрiстiк кооператив 
басқармасының мүшесi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде қадағалау кеңесiнiң 
мүшесi және басқарма мүшесi бола алмайды. 
 
       2. Өндiрiстiк кооперативтi басқару органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың 
шешiм қабылдау және кооператив атынан әрекет жасау тәртiбi заң құжаттары мен 
құрылтай құжаттарында белгiленедi. 
 
       3. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне 
мыналар жатады: 
 
       1) кооператив жарғысын өзгерту; 
 
       2) атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру мен олардың 
мүшелерiн керi шақырып алу; 
 
       3) кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару; 
 
       4) кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу; 
 
       5) кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу. 
 
       Жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында 
басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы мүмкiн. 
 
       Жалпы жиналыстың немесе кооперативтiң қадағалау кеңесiнiң ерекше құзыретiне 
жатқызылған мәселелердi олар кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере 
алмайды. 
 
       4. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооператив мүшесiнiң бiр даусы 
болады. 
 

 
      Ескерту. 99-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 

154 
Заңымен. 
 
      100-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң 
 
               тоқтатылуы 
 
      1. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы. 
Бұл ретте оған оның жарнасы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген 
басқа төлемдер төлеу жүзеге асырылуға тиiс. 
 
       Кооперативтен шығатын мүшеге жарна мен басқа мүлiк есептi кезең аяқталып, 
кооперативтiң қаржы есебi бекiтiлгеннен кейiн берiледi. 
 
       2. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi өзiне кооператив жарғысында жүктелген 
мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, сондай-ақ заң құжаттары 
мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да реттерде жалпы жиналыстың шешiмi 
бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкiн. 
 
       Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығарылғаны үшiн сотқа шағым жасалуы 
мүмкiн. 
 
       Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi кооперативтен соған ұқсас кооперативке мүше 
болуына байланысты жалпы жиналыстың шешiмi бойынша шығарылуы мүмкiн. 
 
       Өндiрiстiк кооперативтiң одан шығарылған мүшесi өз жарнасын және осы баптың 
1-тармағына сәйкес кооператив жарғысында көзделген басқа да төлемдердi алуға 
құқылы. 
 
       3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi өз жарнасын немесе оның бiр бөлiгiн, егер 
осы Кодексте, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, 
кооперативтiң басқа мүшесiне беруге құқылы. 
 
       Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа жарнаны (оның бiр 
бөлiгiн) беруге, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, кооперативтiң 
келiсуiмен ғана рұқсат етiледi. Бұл ретте  осы Кодексте көзделген жағдайларды 
қоспағанда, кооперативтiң басқа мүшелерi мұндай жарнаны (оның бiр бөлiгiн) сатып 
алуды басым құқықты пайдаланады. 
 
       4. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi, 
егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi етiп қабылдануы 
мүмкiн. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас 
тартқанда немесе кооператив мұрагердi қабылдаудан бас тартқанда оған мүлiктегi 
қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына бара-бар үлес, сондай-ақ кооперативтiң 
таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне қосқан 
жеке еңбегi үшiн сыйақы төленедi. 
 
       5. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарнасынан оның жеке борышын өндiрiп 
алуға оның мұндай борышты заң құжаттары мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында 
көзделген тәртiп бойынша жабу үшiн басқа мүлкi жетпеген жағдайда ғана жол берiледi. 
 
      Ескерту. 100-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 

211 
, 2007.08.07. 
N 321 
(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен. 
 
      101-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта 
 
               құру және тарату 
 
      1. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша 
ерiктi түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкiн. 
 
       Өндiрiстiк кооперативтi қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен 
тәртiбi осы Кодексте және басқа заң құжаттарында белгiленедi. 
 
       2. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық 
серiктестiгi болып қайта құрылуы мүмкiн. 
 
   VI. Мемлекеттiк кәсiпорын  

 
      102-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын туралы негiзгi 
 
               ережелер 
 
      1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға: 
 
       1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген; 
 
       2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар 
жатады. 
 
       2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, 
жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге 
болмайды. 
 
       3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi 
көрсетiлуге тиiс. 
 
       4. Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша 
құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. 
 
       5. Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган 
тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады. 
 
       6. 
(алынып тасталды) 
 
       7. Мемлекеттiк кәсiпорынның құқылық ережесi осы Кодексте және өзге заң 
құжаттарында белгiленедi. 
 
      Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 

211 
Заңымен. 
 
      103-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген 
 
               кәсiпорын 
 
      1. Құрылтайшы бекiтетiн шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның 
жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. 
 
       2. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi 
бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. 
 
       Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi 
бойынша жауапты болмайды. 
 
       Осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген реттердi қоспағанда, 
мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның мiндеттемелерi 
бойынша жауап бермейдi. 
 
      Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 
N 211 
Заңымен. 
 
      104-бап. Қазыналық кәсiпорын 
 
      1. Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын қазыналық 
кәсiпорын деп танылады. 
 
       2. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi 
атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. 
 
       3. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты 
болып табылады. 
 
       4. Жедел басқару құқығына негiзделген кәсiпорынның фирмалық атауында 
кәсiпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуге тиiс. 
 
       5. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда көрсетiлген оның 
мақсаттарымен және мiндеттерiмен белгiленедi. 
 
       6. Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қазыналық 
кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. 
Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң 
актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды. 
 
      Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. 
N 320 
Заңымен 

 
   VII. Коммерциялық емес ұйымдар  

 
      105-бап. Мекеме 
 
      1. Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы 
қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме 
деп танылады. 
 
         2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе 
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және 
облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар 
қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң 
актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң 
немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) 
есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады. 
 
       3. Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген 
тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны 
құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. 
 
       3-1. Мемлекеттік мекеменің шарттық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан 
Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
 
       4. Мекемелердiң және мемлекеттiк мекемелердiң оларға бекiтiлiп берiлген 
мүлiкке құқықтары осы Кодекстiң 202-208-баптарына сәйкес белгiленедi. 
 
      Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.16 
N 320 
, өзгерту енгізілді - 2002.05.21 
N 323 
, 2003.05.20 
N 417 
, 2003.07.10 
N 483 

2004.05.11 
N 552 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 
N 97-
IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін  
2-баптан 
қараңыз) Заңдарымен. 
 
      106-бап. Қоғамдық бiрлестiктер 
 
      1. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, 
кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ 
мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
 
      Қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қоғамдық 
бiрлестiктерді құру және оларға қатысу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде белгіленеді.
 
       Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге 
өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi 
мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап 
бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап 
бермейдi. 
 
       2 - 6. 
Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 
N 211
 PЗаңымен.
 
 
       7. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша 
таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға 
жұмсалады. 
 
       Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске 
немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады. 
 
       8. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтық ережесi осы Кодекске, заң   
құжаттарына сәйкес белгiленедi. 
 
      Ескерту. 106-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 
N 2489 
заң 
күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11 
N 154 
, 2-6-тармақтар 
алып тасталды - 1998.03.02 
N 211
, 2010.07.15 
№ 338-IV
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-б
. қараңыз) Заңдарымен.
 
       107-бап. Қоғамдық қор 
 
      1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде 
құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы 
мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп 
танылады. 
 

 
       2. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың 
органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктік шоты бар. 
 
       3. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып 
табылады. 
 
       Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ. 
 
       4. Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа 
мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып 
табылады. 
 
       5. Қоғамдық қорды басқару тәртiбi мен оның органдарын құру тәртiбi оның 
құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында белгiленедi. 
 
       Қоғамдық қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағындағы 
мәлiметтерден басқа қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау 
және оларды босату тәртiбi, ол таратылған жағдайда қор мүлiктерiнiң тағдыры 
көрсетiлуге тиiс. 
 
       6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз 
басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi. 
 
       7. Қоғамдық қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда: 
 
       1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса 
және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса; 
 
       2) егер қордың мақсаттарына жету мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi 
өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса; 
 
       3) қор өз қызметiнде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда; 
 
       4) заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да 
жағдайларда таратылады. 
 
       8. Қоғамдық қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген 
мақсаттарға жұмсалады. 
 
      Ескерту. 107-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 
1995.10.05. 
N 2489 
заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 

154 
, 1999.07.16. 
N 436 
Заңдарымен. 
 
       108-бап. Тұтыну кооперативi 
 
      1. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз 
мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын 
азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады. 
 
        Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар 
кiре алады. 
 
       2. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн 
пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. 
Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот 
тәртiбiмен таратылуы мүмкiн. 
 
       Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив 
мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты 
болады. 
 
       3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында, осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында 
көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; 
кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртiбi және олардың жарна төлеу 
жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару 
органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде 
шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде 
шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды 
жабу тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс. 
 
       4. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге 

 
болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi. 
 
       5. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан 
жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға 
құқылы. 
 
       Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив 
жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға 
бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну 
кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi. 
 
       6. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң 
құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi. 
 
       7. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық 
жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн 
қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн. 
 
       Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес  
арнайы заңда белгiленедi. 
 
       8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң 
ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады. 
 
      Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  1998.03.02. 
211 
, 2006.07.05. N 
164 
Заңдарымен. 
 
      109-бап. Дiни бiрлестiк 
 
      1. Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, 
заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi 
бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады. 
 
      2. (алынып тасталды - 1998.03.02. N 211 
Заңымен 

 
       3. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан 
Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару 
орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына 
қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне 
алынуы мүмкiн. 
 
      4-8. (алынып тасталды - 1998.03.02. N 211 
Заңымен 

 
       9. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған 
азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына 
қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы 
болады. 
 
       10. Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi 
берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни 
бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз 
мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 
 
       11. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi осы Кодекске, 
Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. 
 
      Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 
1995.10.05. N 2489 заң күші бар 
Жарлығымен 
, 2, 4-8-тармақтар алынып тасталды - 
Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 
211 
Заңымен. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет