179-бап. Талап қоюдың қолданылуы
1. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан бұзылған құқықты қорғау
туралы талапты сот өз қарауына алады.
2. Талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме
бойынша ғана сот қолданады.
3. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас
тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады.
Басты талап бойынша талап қою мерзiмiнiң бiтуiне байланысты қосымша талаптар
(айыптарды өндiрiп алу, кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi және т.б. туралы) бойынша
да талап қою мерзiмi бiтедi.
180-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуi
1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге
тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де
заң құжаттарымен белгiленедi.
2. Белгiленген орындау мерзiмiне байланысты мiндеттемелер бойынша талап қою
мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады.
3. Орындалу мерзiмi белгiленбеген не талап ету кезiмен белгiленген
мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi мiндеттеменi орындау туралы талап
қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға сондай талаптарды орындау үшiн
жеңiлдiк мерзiмi берiлсе, талап мерзiмiн есептеу аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн
басталады (осы Кодекстiң 277-бабының 2-тармағы).
4. Регрестiк мiндеттемелер бойынша талап мерзiмiнiң өтуi негiзгi
мiндеттеменi орындау кезiнен басталады.
181-бап. Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi
талап қою мерзiмi
Мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап қою мерзiмi мен оны есептеу тәртiбiн
өзгертуге әкелiп соқтырмайды.
182-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуiн тоқтата тұру
1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi:
1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой
бермейтiн күш) кедергi жасаса;
2) мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):
3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген әскери
бөлiмшелер құрамында болса;
4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса;
5) тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты
тоқтатыла тұрады.
Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру
туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi азаматтың зейнетақы төлемдерiн
тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы
тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға
және/немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы
төлемдерiн тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан
бас тартылғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
2. Талап қою мерзiмiнiң өтуi, егер осы бапта көрсетiлген мән-жайлар талап
мерзiмiнiң соңғы алты айы iшiнде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе
тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзiм алты айдан аспаса - талап мерзiмiнiң өтуi
кезiнде тоқтатыла тұрады.
3. Тоқтата тұруға әкелiп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап
талап қою мерзiмiнiң өтуi одан әрi жалғасады. Бұл орайда мерзiмнiң қалған бөлiгi
алты айға дейiн, ал егер талап қою мерзiмi алты айдан аспаса - талап мерзiмiне
дейiн ұзартылады.
Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
N 134-I Заңымен .
183-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуiндегi үзiлiс
1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi белгiленген тәртiппен талап қою, сондай-ақ
мiндеткер адамның борышты немесе өзге мiндеттердi мойындағандығын дәлелдейтiн
әрекеттер жасауы арқылы үзiледi.
2. Үзiлiстен кейiн талап қою мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады; үзiлiске
дейiн өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.
184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап
қою мерзiмiнiң өтуi
1. Егер талапты сот қараусыз қалдырса, талап қойылғанға дейiн басталған талап
қою мерзiмi жалпы тәртiппен одан әрi жалғаса бередi.
2. Егер сот қылмыстық iсте қойылған талапты қараусыз қалдырса, талап қоюға
дейiн басталған талап қою мерзiмiнiң өтуi талапты қараусыз қалдырған үкiм заңды
күшiне енгiзiлгенге дейiн тоқтатыла тұрады. Мерзiмi тоқтатыла тұрған кездегi уақыт
талап қою мерзiмiне есептелмейдi. Бұл орайда, егер мерзiмнiң қалған бөлiгi алты
айдан аз болса, ол алты айға дейiн ұзартылады.
185-бап. Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру
1. Ерекше жағдайларда, талапкердiң жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр
науқас, дәрменсiз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзiмi өтiп
кетуiнiң себебiн сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға
тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап
мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең
немесе алты айдан аз болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде танылады.
2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуына байланысты
заң құжаттарына сәйкес талапкердiң тап сол iс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда
болған ретте талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды.
186-бап. Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн
мiндеттердi атқару
Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн мiндетiн атқарған борышқордың немесе өзге
мiндеттi адамның тiптi сол мiндеттi атқарған кезiнде талап мерзiмiнiң өтiп кеткенiн
бiлмесе де, аталған адамның өзi атқарған нәрсесiн қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
187-бап. Талап қою қолданылмайтын талаптар
Талап қою:
1) заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игiлiктер
мен мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
2) салымшылардың банкiге банктiк салымдарды беру туралы талаптарына;
3) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру
туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн
қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады;
4) егер меншiк иесiнiң немесе өзге заң иеленушiнiң өз құқығының кез келген
бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмаса (осы Кодекстiң 264, 265-баптары),
олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына; P06008S
5) заң құжаттарында белгiленген реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.
Ескерту. 187-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
N 154
Заңымен
.
II бөлiм. Меншік құқығы және
өзге де заттық құқықтар
8-тарау. Меншік құқығы. Жалпы ережелер
188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету
құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа
адамға берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы
болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң
жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың,
сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм,
жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң
заңмен қамтамасыз етiлуi.
3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп,
иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену,
пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге
беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк
етуге құқылы.
4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен
мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар
мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң
монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi
мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен
айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға
мiндеттi.
5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте
көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi
өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.
Ескерту. 188-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N
211
Заңымен.
189-бап. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы
1. Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне
тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай
ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.
2. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның
мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк
иесi өтеуге тиiс.
Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған
шығындары өтелмейдi (осы Кодекстiң 263-бабы).
190-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе
кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну
қаупi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда
меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.
2. Егер иелiктен айырушы адам заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне
кiнәлi болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне
кiнәлi болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп
жiберген тарап көтередi.
191-бап. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi
1. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың
бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола
алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы
мүмкiн.
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
Ескерту. 191-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N
211
Заңымен.
192-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығы
1. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.
2. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры,
мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және
мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.
3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп
берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
3-1. Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық
маңызы бар қалалардың) меншiк болып бөлiнедi.
4. Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық
жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.
5. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің
құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.
6. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тәртiппен жүзеге асырылады.
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Коммуналдық меншiктегi мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр
деңгейiнен екiншi деңгейiне беру Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк
басқару туралы заңнамалық актiлерде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N 211
, 1999.11.04.
N 472
, 2001.03.02.
N 162
, 2002.05.21.
N 323
, 2005.05.18.
N
50
, 2007.01.12. N
225
Заңдарымен.
193-бап. Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк
Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи
ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде,
шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.
Ескерту. 193-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N
211
Заңымен.
193-1-бап. Стратегиялық объектілер
1. Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы
бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық
объект болып табылады.
2. Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері;
магистральдық мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары; ұлттық электр
тораптары; магистральдық байланыс желілері; ұлттық почта тораптары; халықаралық
әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын басқару
жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз жүзуін реттейтін және
оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер; атом энергиясын
пайдаланатын объектілер; ғарыш саласының объектілері; су шаруашылығы құрылыстары;
ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде стратегиялық
объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары),
меншігінде стратегиялық объектілер бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін
тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге
мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)
жатқызылуы мүмкін.
Стратегиялық объектілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне
сәйкес мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу
не оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы
шешімі негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен мүмкін
болады.
4. Стратегиялық объектілер жеке меншікте болған жағдайда және оның меншік
иесінің осы объектіні сату ниеті болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-
ақ оның шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдинг стратегиялық объектілерді нарықтық
құны бойынша сатып алудың басым құқықтарына ие болады.
Стратегиялық объектінің нарықтық құны бағалау қызметі туралы заңнамаға
сәйкес айқындалады.
Стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқықтарын пайдалану тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
5. Егер стратегиялық объектінің меншік иесі осы баптың 3 және 4-
тармақтарының талаптарын бұзса, мұндай мәмілелер оларды жасаған сәтінен бастап
жарамсыз деп танылады.
Ескерту. 193-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.08.07
N
321
, өзгерту енгізілді - 2009.02.13
N 135-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-
баптан
қараңыз) Заңдарымен.
194-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де
заттық құқықтар
Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру
ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi.
195-бап. Меншiк иесi болып табылмайтын
адамдардың заттық құқықтары
1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық
құқықтар.
2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық
құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
мүлiкке меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлiкке басқа да заттық құқықты
тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.
Ескерту. 195-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N
211
, 2007.01.12. N
225
Заңдарымен.
9-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығы
196-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық
жүргiзу құқығы
Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және
бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын осы Кодекспен және
өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның
заттық құқығы болып табылады.
197-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез
келген мүлiк бола алады.
198-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу
және тоқтату
1. Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк иесi
шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе
меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның
дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.
2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi,
сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк
құқығын алуға арналған заңдарда белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық
жүргiзуiне келiп түседi.
3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған
заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен
кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.
199-бап. Меншiк иесiнiң шаруашылық жүргiзудегi
мүлiкке қатысты құқығы
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес кәсiпорын
құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату
мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен
сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi
пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.
Ескерту. 199-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
N 154
Заңымен
.
200-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлiктiк
құқықтарын жүзеге асыру ережелерi
1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттiк
кәсiпорынның, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе меншiк иесiнiң немесе ол
уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның жазбаша келiсiмiнсiз:
1) өзiне тиесiлi үйлердi, құрылыстарды, жабдықты және кәсiпорынның басқа да
негiзгi құралдарын иеліктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта
көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге,
уақытша тегiн пайдалануға беруге;
2) филиалдар, өкілдіктер және еншiлес кәсiпорындар құруға, жеке
кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, олардың өзiнiң
өндiрiстiк және ақша капиталын сатуға;
2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда),
сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
3) заемдар беруге;
4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме немесе кепiлдiк беру.
2. Мемлекеттiк кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, негiзгi
құралдарға жатпайтын, өзiне шаруашылық жүргiзу құқығымен бекiтiлiп берiлген мүлiкке
дербес билiк етедi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсіпорынның мемлекеттiк
кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесілi
акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.
Ескерту. 200-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
N 154
, 1998.03.02.
N 211
, 2002.05.21.
N 323
Заңдарымен.
201-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар қатысатын
қатынастарға меншiк құқығы туралы
ережелердiң қолданылуы
Мемлекеттiк кәсiпорындар қатысатын мүлiктiк қатынастарға егер осы Кодекстен
және өзге заң құжаттарынан өзгеше туындамаса, осы Кодекстiң меншiк құқығы туралы
ережелерi қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |