3-тарау. Парламент құрылымы 10. Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.
11. Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.
12. Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан, парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. Қажет болған жағдайда Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланады. Парламент мүшелерін сайлау сыныптар мен топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.
4-тарау. Парламент қызметі 13. Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білім беру ұйымының Жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ЖІК) төрағасы колледж бен ЖОО-да парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
14. Парламент Президенті:
1) Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
2) өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;
3) өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.
15. Парламент білім беру ұйымы Парламентінің қызметі туралы Ережені басшылыққа бекітуге ұсынады.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
Құқық және тәртіп фракциясы.
Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі).
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
Дебат қозғалысының фракциясы.
Экология және еңбек фракциясы.
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
17. Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.
18. Парламент Президенті білім беру ұйымының барлық алқалы органдарының жұмысына қатысады.
19. Парламент мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
20. Парламент білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімді орындау мақсатында педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл жасайды.