Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың



бет7/8
Дата08.10.2022
өлшемі50,25 Kb.
#41926
1   2   3   4   5   6   7   8
3-тарау. Слетке қатысушылар
10. Слетке қатысушылар: 8-11 - сыныптардың білім алушылары – мектеп парламенттерінің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындары студенттік парламенттерінің көшбасшылары, Парламент жұмысын үйлестірушілер, аумақтық білім беру органдарының өкілдері.
11. Слетке қатысушылар саны: 289 адам, оның ішінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының делегациясы – 17 адамнан:
5 адам – Мектеп парламенттерінің көшбасшылары;
5 адам – колледждердің Студенттік парламенттерінің көшбасшылары;
5 адам – ЖОО Студенттік парламенттерінің көшбасшылары;
1 жетекші үйлестіруші, 1 медицина қызметкері.
Медициналық қызметкерсіз қашықтан Слетті өткізу кезінде – 16 адамнан. Барлығы – 272 адам.
12. Слетті өткізу орнына барар жолда, іс-шараны өткізу кезінде және тұратын жеріне қайтар жолда мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік жетекші үйлестірушіге жүктеледі.
13. Жетекші үйлестірушінің өзімен бірге болуы тиіс:
1) көшірме:
білім басқармасы басшысының білім алушыларды және жетекші үйлестірушінің Слетке қатысу үшін жіберу туралы бұйрығы;
қатысушылардың және жетекші үйлестірушінің жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) қатысушылар тізімі;
3) дәрігердің қолы және мөрімен куәландырылған қатысушылардың денсаулық жағдайы туралы анықтамалар;
4) фото қосымшасы бар делегация мүшелерінің қысқаша мінездемесі;
5) өңірдегі Парламенттер қызметін таныстыру.


4-тарау. Слетті өткізу тәртібі

14. Слеттің жұмысы пленарлық отырыс және «Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы», «Студенттердің өзін-өзі басқаруы», «Жас ғалымдар мен өнертапқыштар», «Жас кәсіпкерлер», «Өңірді дамытуға қатысу», «Мектептің дамуына қатысу», «Мектеп баспасөз орталығы», «Балалар бастамалары», «Жастар бастамалары, жобалар, стартаптар» және т.б. секциялық жұмыс – Тақырыптық алаңдар нысанында ұйымдастырылады.


15. Әрбір тақырыптық алаңға ұйымдастырушылар қатарынан оның мазмұндық толықтырылуына жауапты жетекші бекітіледі.
16. Әрбір тақырыптық алаң білім беру (шеберлік сыныптар, семинарлар, тренингтер) және диалог (дөңгелек үстелдер, дискуссиялық алаңдар) жұмысын қамтиды. Слеттің «Тарихты адамдар жасайды» ортақ идеясын жүзеге асыру аясында қатысушыларға қызықты адамдармен кездесулер ұсынылады.
17. Сарапшылар ретінде тақырыптық алаңдарға атқарушы және заң шығарушы билік органдарының өкілдері, қоғамдық қызметтің көрнекті қайраткерлері, білікті педагогтар тартылады.
18. Слет жұмысында талқылауға арналған тақырыптар:
«Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі»;
«Жобалық қызмет – мемлекетті басқару стратегиясындағы жаңа мүмкіндік»;
«Мектептегі өзін-өзі басқарудың тиімділігі»;
«Балалар мен жастар – Қазақстан Республикасын жаңғырту үдерісіндегі авангард күш»;
«Ел игілігі үшін білім алушылардың нәтижелі жобалары (табысты тәжірибе)»;
«Балалар мен жастар – республикадағы әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі (дебаттық қозғалысы)»;
Балалар мен жастар – қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар үшін (еріктілер қозғалысы)»;
«Балалар мен жастардың сөз және мінез-құлық мәдениеті»;
«Адам мен қоғам жанының экологиясы»;
«Жас ұрпақ – еліміздің ғылымы мен техникасы»;
«Балалар мен жастар – Қазақстанның рухани және мәдени әлеуеті»;
«Мемлекет – бұл жеке тұлға»;
«Жастар субмәдениеті және қалалық орта: республикадағы жағдай, ықпал, міндеттер»;
«Кіші Отан – жастардың ақыл-парасаты мен энергиясы» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет