6-тарау. Парламент қызметін қамтамасыз ету 23. Білім беру ұйымының басшылығы Парламент қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды, бөлмелерді (кабинеттерді), байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникасын және басқа да қажетті материалдарды өтеусіз пайдалануға береді.
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының республикалық слетін өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының республикалық слетін (бұдан әрі – Слет) өткізу қағидалары оны өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібін және қаржыландыруды айқындайды.
2. Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
3. Слеттің міндеттері:
1) өткен жылдағы мектеп және студенттер парламенттерінің жұмысын қорытындылау және жаңа жылға міндеттерді анықтау;
2) білім беру ұйымының қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуына қосқан үлесі үшін мектеп және студенттер парламенттерінің көшбасшыларын марапаттау;
3) білім алушылардың жобалық қызметін дамыту;
4) әлеуметтік белсенді балалар мен жастарды анықтау;
5) балалар мен жастардың көшбасшылық және шығармашылық құзыреттіліктерін арттыру;
6) елдің экономикалық, азаматтық және мәдени дамуы мүддесінде өзін-өзі жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының балалары мен жастарының әлеуетін ашуға жәрдемдесу.
4. Слет өткізу үшін негіздеме – Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5. Слет күндізгі немесе қашықтық форматта өткізіледі.
6. Слет ұйымдастырушылары Турнирдің ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.
2-тарау. Слетті өткізу уақыты мен орны 7. Слет 20 _ жылғы __ бастап __ дейін жүргізіледі. Келу: __, кету: __ 20_ ж.
Делегациялардың Слетке келуі кесте бойынша жүзеге асырылады. Слетті өткізу уақыты мен мерзімін, қатысушылардың келу және кету күнін, бағдарламаны ұйымдастырушылар айқындайды.
8. Қосымшаға сәйкес ЖОО ректорларының және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған Слетке қатысу туралы өтінімі ұйымдастырушыларға 20 __ жылғы __ дейін жіберіледі.
9. Өтінімге қоса беріледі:
1) қатысушылар (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, курсы, оқу орны, үйінің мекен-жайы және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны, жетекші үйлестірушінің Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, басшының ұялы телефондары) және медицина қызметкері туралы мәліметтер;
2) қатысушылардың, топ басшысының және медицина қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.