Сауалнамаға 30 оқушы қатысты. Енгізілген әдіс және тапсырмалар бойынша оқушылардың 35% –і өз бетінше іздену, шығармашылыққа сонымен қатар, ғылыми зерттеуге қызығышулықтары бар екені анықталды. Ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша, GeoGebra қосымшасын қолданып есептерді оқушылардың 25 %–і, яғни программалар бойынша базалық білімдері бар оқушылар тапсырманы толыққанды түсініп, орындай алды. Білім алушылардың геометрия сабағына қызығушылығын арттыру мақсатында «Үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлер ауданын есептеу» және «Көпбұрыштар ауданы» тақырыптары бойынша GeoGebra қосымшасында есептер құрастыру жолдары көрсетілді.Осы әдісті, яғни GeoGebra қосымшасын енгізу арқылы оқушылардың геометрия сабағына қызығушылығы артып, өзіндік ізденуі артты.
Зерттеу нәтижелері GeoGebra қосымшасы және де күнделікті қолданып жүрген дәстүрлі әдістерді пайдаланып, қай әдіс тиімді болатынын анықтау үшін келесі есептерді оқушыларға тапсырма ретінде берілді.
1–есеп. Тік бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің жанасу нүктесі гипотенузаны 4 см және 6 см бөліктерге бөледі. Үшбұрыштың периметрі мен ауданын және шеңбердің радиусын табыңыз. (1–сурет).
1–сурет.
.
.
Енді, дәл осы есепті GeoGebra қосымшасы арқылы шығарып көрейік. Ең алдымен есептің сүретін GeoGebra арқылы төменде көрсетілгендей етіп сызып алдық (2-сурет). Осылайша, «ұзындықты өлшеу» командасы арқылы тікбұрышты үшбұрыштың катеттрін сонымен қатар, шеңбер радиусын анықтадық. Үшбұрыштың ауданын анықтау үшін «аудан есептеу», ал периметрін анықтау барысында «периметрін есептеу» командаларын қолдандық.