10.ТПҮ мәні, құрылымы қасиеттері, ерекшеліктері, қызметтері, компоненттері,
заңдылықтары мен принциптері.
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.
Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері:
а) педагогикалық процесс – әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;
ә) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бірбірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
в) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады. Педагогикалық процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзінөзі дамыту мәселесі шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |