Зерттеу тақырыбы шешімі қалытқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс, нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды. Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен бірге қандай да бір педагогикалық қатынас алынуы мүмкін (44-сурет).
Зерттеу пәні негізгі ойлау жүйесі болып табылады. Осы жұмыстарды пайдалану кезінде жақсы нәтиже беру қажет. Зерттеу пәні – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема. Зерттеу мақсаты, нысаны және пәніне сәйкес, әдетте, болжамды тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен тетіктері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді. 97
Болжам – бұл шынайылылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы, ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми болжам айтылады. Гипотезаны құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі. Ғылыми түсінік пен эксперимент арасында қарам-қайшылықтан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |