Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



бет5/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед рубеж 1

Креативті мұғалім – өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:

- арнайы кәсіби білім;

- нақты нәтижеге бағытталған мақсаттың болуы;

- оқыту, білім беру, тәрбиелеу мазмұнының нақтылығы;

- баланың педагогпен ынтымақтастық қарым-қатынасы;

- педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай алуы;

- баланы педагогикалық қолдауы.

Мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті – оқу-тәрбие материалын іріктеп алумен, композициялаумен, жобалаумен байланысты іс-әрекет; оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының формалары мен әдістерінің мазмұнын анықтау.

Ұйымдастырушылық іс-әрекеті бір мезгілде мұғалім жобаларын практикада жүзеге асыру және әлдеқайда нақты жобалаудың шарты болып табылады. Мұғалімнің бұл іс-әрекетін ұйымдастыру (баяндау, тапсырмалар жүйесі); өз мінез-құлқын ұйымдастыру (іс-әрекеттің нақты жағдайларындағы педагогикалық әрекеттер); балалар іс-әрекетін ұйымдастыру (ұжымдық, топтық және жекеше); оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білуі (белсенділермен, ата-анамен жұмыс жасай білуі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет