Жас маман– педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім.
Тәжірибелі маман – педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім.
Озат тәжірибелі мұғалім– педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім.
Шығармашыл мұғалім – өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім.
Жаңашыл мұғалім– шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім.
Зерттеуші мұғалім– өзінің ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте, басқа аудан (қала), облыс деңгейінде, республика көлемінде қандай деңгейде, қалай өтуіне байланысты тікелей зерттеу жүргізетін, нәтижесін сараптай алатын, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе алатын жаңашыл мұғалім.