Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі



бет53/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
Конспект лекций по МЖГ на каз

Поршеньдік сорғылар



Поршеньдік сорғылар қозғалмайтын жұмыс камераларынан ығыстырғыштармен сұйықтықты ығыстыру жолымен оның орнын ауыстырылуын жүзеге асыратын көлемді сорғыларға жатады. Көлемді сорғының жұмыс камерасы сорғының кіруімен және шығуымен кезектесіп өзара қатынасатын шектелген кеңістік болып табылады. Жұмыс камераларынан (плунжер, поршень, диафрагма) сұйықтықты ығыстыратын сорғының жұмыс мүшесі ығыстырғыш деп аталады.
Поршеньдік сорғылар келесі көрсеткіштер бойынша классификацияланады:

  1. ығыстырғыштар типіне байланысты: плунжерлік, поршеньдік және диафрагмалы;

  2. жетекші буынының қозғалыс сипатына (мінезіне) байланысты: жетекші буынның қайта келетін қозғалысы; жетекші буынның айналмалы қозғалысы (қос иінді және жұдырықшалы сорғылар);

  3. бір қос жүріс ішінде айдаудың және сорудың циклдар санына байланысты: біржақты әрекетті; екіжақты әрекетті;

  4. поршеньдар санына байланысты: бірпоршеньдік; екіпоршеньдік; көппоршеньдік.


2.3-сурет. Жай әрекетті поршеньдік сорғы




Жай әрекетті сорғы. Жай әрекетті сорғының сызбасы 2.3-суретте бейнеленген. Поршень 2 қос иінді-шатунды механизммен шток 3 арқылы байланысатындықтан, нәтижесінде цилиндрге 1 қайтара келіп түсетін (возвратно-поступательное) қозғалыс жасайды. Поршень оңға жүрісі кезінде жұмыс камерасында сирету (сұйылту) туғызады ды, сондықтан соратын клапан 6 көтеріледі және сұйықтық шығын қоймасынан 4 соратын құбыр 5 арқылы жұмыс камерасына 7 түседі. Поршеньнің кері жүрісі (солға) кезінде соратын клапан жабылып, айдау клапаны 8 ашылады да, сұйықтық ағынды құбырға 9 айдалады.
Қозғалтқыштың әр айналымына арасында тек біреуі ғана айдауға лайық келетін поршеньнің екі жүрісі сәйкес келетіндіктен, бір секундтағы теориялық өнімділік:

мұндағы F – поршень ауданы, м²;
l – поршень жүрісі, м;
nқозғалтқыш айналымдарының саны, айн/мин.
Поршеньдік сорғылардың өнімділігін жоғарылату үшін оларды қосарланған, үштелген және т.б. етіп жасайды. Мұндай сорғылардың поршеньдері иіндері жылжып кеткен бір иінді біліктен әрекетке келеді.
Сорғының нақты өнімділігі Q теориялықтан аз, өйткені поршень мен штоктардың нығыздауыштарының (уплотнения) және клапандардың тығыз жабылмауынан, клапандардың уақытында жабылмауынан, сонымен қатар жұмыс камерасының толық толтырылмауынан шығындар пайда болады.
Нақты өнімділіктің Q теориялыққа QT қатынасы поршеньдік сорғының көлемді ПӘК-і деп аталады:

Көлемді ПӘК – сорғы жұмысын сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіш.

2.4-сурет. Қос әрекетті поршеньдік сорғы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет