Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі



бет56/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62
Байланысты:
Конспект лекций по МЖГ на каз

Гидравликалық ПӘК арынды камерадағы жұмыс сұйықтығы ағынының деформациясына және сұйықтықтың ыдыс қабырғасына үйкелуіне жұмсалатын шығындарды сипаттайды. Бұл шығындар үйкеліске кеткен механикалық шығындардан әлдеқайда төмен және инженерлік есептеулерде жиі есепке алынбайды немесе үйкеліске кеткен механикалық шығындармен бірге бірлеседі. Бұл жағдайда бірлескен ПӘК гидромеханикалық деп аталады.
Гидравликалық шығындарға жұмсалған қуат:


Nг = QH ( PK - PH ),

мұндағы PК – сорғының арында камерасындағы қысым;


PН – сорғының шыға берісіндегі арынды гидросызықтағы қысым.

Гидравликалық ПӘК мына қатынаспен анықталады:





Сорғының жалпы ПӘК-і көлемді, гидравликалық және механикалық ПӘК-тердің қосындысына тең:


η = ηоб + ηмех + ηг


Сөйтіп, сорғы қуатының балансы сорғыда пайда болатын шығындар жайлы, жалпы ПӘК және оның құраушылары жайлы көрініс береді.



  1. Гидро- және пневможүйелер элементтерінің белгіленуі

Сорғылар мен гидромоторлардан басқа да тағайындалуы мен конструкциясы алуан өзге гидроэлементтер бар. Біреулері жұмыс сұйықтығының ағынын басқарады, басқалары гирожүйелердің және т.б. тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Бұл құрылғылардың жиынтығы гидрожетек деп аталып, жеке зерттеуді қажет етеді. Барлық гидроэлементтердің өзінің шартты белгілері болады. Олардан электрлік сызбалармен бірге аналогия бойынша гидросызбалар кұрастырылады.


Төменде негізгі гидроэлементтердің шартты белгілері келтірілген.
2.1-кесте

Белгілер

Элементтің сипаты



Ағынының тұрақты бағыттауышы бар реттелмейтін гидросорғы



Ағынының реверсивті бағыттауышы бар реттелмейтін гидросорғы



Реттелетін гидросорғы



Ағынының тұрақты бағыттауышы бар реттелмейтін гидромотор



Ағынының реверсивті бағыттауышы бар реттелмейтін гидромотор



Реттелетін гидромотор



Біржақты штогы бар поршеньдік гидроцилиндр



Екіжақты штогы бар поршеньдік гидроцилиндр



Плунжерлік гидроцилиндр



Телескоптық гидроцилиндр



Жүрістің соңында тежелуі бар болатын гидроцилиндр



Жөнделетін (күйттелетін) дроссель



Реттелетін дроссель



Арынды клапан



Қысымдар ауытқуының (айырмасының) клапаны (P)



Кері клапан





Гидроқұлып



Жүк гидроаккумуляторы



Серіппелі гидроаккумулятор



Пневмогидравликалық гидроаккумулятор



Фильтр



Жылуалмастырғыш



Гидротүрлендіргіш



Атмосфералық қысымды гидробак



Атмосфералықтан жоғары қысымды гидробак



Жұдырықтан басқарылатын екіпозициялы төртсызықты гидроүлестіргіш



Бастапқы позицияда тоқтатылған ағыны бар және қолмен басқаруы бар үшпозициялы төртсызықты гидроүлестіргіш



Бастапқы позицияда сақиналы ағыны бар және электромагниттік басқаруы бар үшпозициялы төртсызықты гидроүлестіргіш

2.8-суретте шартты белгілерден құрастырылған жақты тиегіш стреласының бұрылысын жетектеу гидравликалық сызбасының мысалы бейнеленген.


Сызба бактан, реттелмейтін гидромотордан, үшпозициялы гидроүлестіргіштен, екі реттелетін дроссельдерден және оларға параллель қосылған кері клапандардан, екі гидроцилиндрлерден, фильтрден және сақтандырғыш клапаннан құралған.

2.8-сурет. Стрела бұрылысын жетектеу гиросызбасы

Гидрожетек жұмысының принципі: жұмыс сұйықтығы (май) бактан сорғымен алынып гидроүлестіргішпен беріледі. Сорғы жұмыс істеп тұрғандағы гидроүлестіргіш реттығынының (золотник) бейтарап күйінде сорғы мен үлестіргіш арасындағы құбыр аймағында қысым ұлғаюы басталатындықтан, сақтандырғыш клапан жұмысын атқара бастайды да, сұйықтық кері қарай бакқа құйылады. Реттығынның позициясы өзгерген кезде (сызбадағы төменгі позиция) гироүлестіргіште өтпелі қималар ашылып, сұйықтық гидроқазғалтқыштардың айдау қуыстарына (гидроцилиндрлердің поршеньдік қуыстары) келіп түсе бастайды. Май гидроцилиндрлердің штокты қуысынан ағызу гидросызығы бойымен реттелетін дроссельдер, гидроүлестіргіш арқылы өтеді де, фильтрмен тазарып, бакқа төгілу үшін келіп түседі.


Гидроцилиндрлер штоктарының келіп түсу қозғалысының (поступательное движение) жылдамдығы дроссельдермен реттеледі. Штоктар қозғалысын реверсивтеу гидроүлестіргіштің позицияларын ауыстыру жолымен асырылады. Жүктемесіз штоктардың кері қозғалысы кезінде олардың жылдамдығы реттелмейді және штокты қуыстарға жұмсалған жұмыс сұйықтығының шығынына тәуелді болады. Штоктардың апатты жағдайда тоқтатылуы кезінде жүйедегі қысым артады да, сонымен сақтандырғыш клапанның ашылуына және жұмыс сұйықтығының бакқа түсірілуіне алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет