Қос әрекетті сорғы. Жай әрекетті сорғыға қарағанда қос әрекетті сорғының (2.4-сурет) көмегімен сұйықтықты неғұрлым бірқалыпты және көбірек беруге болады. Қос әрекетті сорғыда поршеньнің әр жүрісіне бір мезгілде сору және айдау процесстері сәйкес келеді. Бұл сорғылар горизонтальды және вертикалды болып орындалады, соңғысы ықшамдырақ болып табылады. Қос әрекетті сорғының теориялық өнімділігі:
,
Мұндағы f – шток ауданы, м2.
2.5-сурет. Дифференциалдық поршені бар поршеньдік сорғының сұлбасы
Дифференциалдық сорғы. Дифференциалдық сорғыда (2.5-сурет) поршень 4 тегіс өңделген цилиндрде 5 қозғалады. Поршень нығыздауышы сальник 3 (вариант I) немесе цилиндр қабырғасымен бірге болатын кіші саңылау (вариант II ) болады. Сорғыда сорушы 7 және айдаушы 6 екі клапандары, сонымен қатар қосымша камера болады. Сору поршеньнің бір жүрісі ішінде, ал айдау екі жүріс ішінде орындалады. Солай қосымша камерадан айдау құбырына 2 поршеньнің солға жүрісі кезінде (F - f )l-ге тең сұйықтық көлемі ығыстырылады; негізгі камерадан поршеньнің оңға жүрісі кезінде fl -ге тең сұйықтық көлемі ығыстырылады. Сөйтіп, поршеньнің екі жүрісінің ішінде айдау құбырына осыған тең сұйықтық көлемі беріледі:
(F - f)l + fl = Fl,
яғни жай әрекетті сорғымен берілетін бірдей шамада. Мұндағы айырмашылық сондай сұйықтық мөлшері поршеньнің екі жүрісі ішінде беріледі, сондықтан беру де неғұрлым бірқалыпты болады.
Поршеньдік сорғылардың индикаторлық диаграммасы
Поршеньдік сорғының жұмыс циклі қағазда индикатор деген арнайы құрылғымен графикалық түрде бейнеленуі мүмкін. Қос иіннің бір толық айналымы ішінде цилиндрде қысымның өзгеру графигі индикаторлық диаграмма деп аталады. 2.6-суретте жай әрекетті сорғының бұндай диаграммасы көрсетілген.
2.6-сурет. Индикаторлық диаграмма
Поршеньнің солдан оңға қарай қозғалысы кезінде (2.6-сурет) (сору процессі) сорғының цилиндріндегі қысым кенет аб сызығы бойынша Pвс сору қысымына дейін төмендейді. Цилиндр қабырғаларының көнгіштігі мен сұйықтықтың сығылғыштығынан аб сызығы вертикальды емес, дегенмен сәл еңкейген болады және кейін ирек бв сызығына айналады. Сосын соратын сызықта тұрақты қысым ұсталады және вг сызығы іс жүзінде бүкіл сору жүрісі бойы горизонталь болып қалады. Поршеньнің кері қозғалысы уақытында (айдау жүрісі) цилиндрдегі қысым Pвс қысымынан Pнагн қысымына дейін гд түзуі бойымен көтеріледі. гд түзуінің вертикальдан солға карай еңісі аб сызығы үшін себептерімен түсіндіріледі. Сұйықтықтың сығылуының басталуы цилиндрдегі қысымның ауытқуларымен сүйемелденеді (де сызығы). Мұнан былай Pнагн қысымы бүкіл айдау жүрісі кезінде өзгеріссіз қалады (еа сызығы). Қайталама жұмыс циклінде бұл график қайталанады.
Поршеньдік сорғының гидравликалық бөлігінде пайда болған ақаулар индикаторлық диаграмманың сипатын өзгертеді. Қайсыбір ауытқушылықтары бар әртүрлі индикаторлық диаграммаларды талдағанда, сорғының бұзылғандығы туралы қателіксіз айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |