Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті Психология және педагогика кафедрасы


туыңдауы: гуманистік психология, логотерапия



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата25.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110175
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
туыңдауы: гуманистік психология, логотерапия
когнитивті психология. Кеңес ғылымында ақыл-ой 
әрекеттері мен ұғымдардың сатылап қалыптасу 
теориясының туындауы. Психология пәні туралы 
және бейсана-лылық, қарым-қатынас мәселелері 
бойынша кеңестік психологиядағы пікір-таластар. 


 
Лекция №2 
1.Лекцияның тақырыбы: 
Антикалық психология. 
 
2.Қарастырылатын мәселелер. 
1. Ежелгі психология. 
2. Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі. 
 
3.Лекцияның мақсаты: 
Студенттерді Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит, 
Платон, Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) грек 
ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)т.б. жан туралы ой-пікірлерімен таныстыру. 
4.Пайдаланатын әдебиеттер: 
1. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История психология. М.1994ж.
2. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История и теория психология. М.1996ж.
3. В.А. Якунин. История психология. 1998ж.
4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996ж. 
5. Қ.Б.Жарықбаев. Развитие психологической мысли в Казахстане А. 1998ж. 
6. А.Н.Ждан. История психология. 1997ж. 
7. В.А. Якунин. История психология. 1996ж. 1-ое изд. 
8. М.Г. Ярошевский. История психология. М.1995ж. 3-ое изд. 
5.Лекцияның мәтіні: 
 
Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті 
сан-алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің 
сырын мінез –құлық сипаттарынан өзара белгілі болған. Осындай ұғым түсініктерде 
адамның жаны тәні мен бірге болды деп саналған. Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен 
мәдениеттің, салт – сананың дамуы мен қатар әр алуан әдет – ғұрыптар да қалыптасып 
отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әрқилы заттарда, 
құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм (латынша 
«анима» - жан деген сөзден шыққан) деп аталады. Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. 
Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит ол сол табиғат заңына ынғайланбауда деген пікірді 
қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп 
санады. Сонымен, жан туралы ілім- психологияны адам тәнінің қызыметі деген бірынғай 
материалистік түсінікті тудырды. 
Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347ж.ж) жан мәңгілік нәрсе, ол 
өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік 
құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты 
жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей 
қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды. Ол психиканы түсіндіруде 
идеалистік бағытты жақтады. Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын 
энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж) психологиялық ой-пікірді табиғи 
негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді 
одан әрі зерттеп, “жан туралы” – деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан 
дүниесінің(психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп 
құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында – ақ дербес сипаттағы ғылым 
саласына айналғанды.Ол психиканы тән мен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық 
әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Платонның психика 
жайындағы дуалистік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай 
бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы 


көз қарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып 
қаланады. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың
шығармаларында өзіндік орнын тапты.
Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) 
психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал 
грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)”өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін 
адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай – ақ адамның жаны тәніне тән 
деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан 
дүниесі жайындағы ой-пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол 
заманның экономикалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік 
не идеалистік) болуы таңданарлық жайт емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет