Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті Психология және педагогика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата25.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110175
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
 


Лекция №3 
1.Лекцияның тақырыбы: 
Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология. 
 
2. Қарастырылатын мәселелер. 
1. Орта ғасырдағы психология. 
2. Қайта өркендеу дәуіріндегі психология. 
 
3.Лекцияның мақсаты: 
Студенттерді Әбу Насыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн 
Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның 
жан дүниесі жайындағы іліммен Иранның медик ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз 
еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер 
жүргізгендігімен таныстыру. 
4.Пайдаланатын әдебиеттер: 
1. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История психология. М.1994ж.
2. А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский. История и теория психология. М.1996ж.
3. В.А. Якунин. История психология. 1998ж.
4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. А. 1996ж. 
5. Қ.Б.Жарықбаев. Развитие психологической мысли в Казахстане А. 1998ж. 
6. А.Н.Ждан. История психология. 1997ж. 
7. В.А. Якунин. История психология. 1996ж. 1-ое изд. 
8. М.Г. Ярошевский. История психология. М.1995ж. 3-ое изд. 
5.Лекцияның мәтіні: 
Ежелгі дүниенің, құл иеленушілік қоғамның іргесі қаусап, тарих сахнасынан кеткен 
соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады. Бұл дәуірдің 
тарихи даму сипаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралық өсу қасиеттерін 
тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім 
мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. ”Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді” 
– деп уағыздалды. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді. Алайда VІІ-
ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, 
ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып жаңа сипатқа 
ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениетпен ғылымның орта ғасырда Еуропа 
мен басқа елдерге тарап, кең қанат жайып, жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне 
әсер етті. 
VІІ-ғасырда Халифат мемлекеті құрылып, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы
ислам дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны 
дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медицина, 
математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып ежелгі дүние ғұламалары Платон 
мен Аристотель, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп бұл 
еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін 
таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің, философия мен өзге де 
ғылымдардың қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді. Аристотельдің және басқа да 
ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты 
әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина 
(980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері 
арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам 
(Әлгазен) (965-1039 жж.), Иранның медик ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз 
еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер 
жүргізді. Әбу Насыр Әл-Фараби –сан алуан еңбектер жазып, “Әлемнің екінші ұстазы” 


атанған данышпан ғалым. Оның адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін 
бірнеше еңбектері бар. 
1.
Ізгі қала тұрғындары. 
2.
Азамазаттық саясат. 
3.
Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері т.б. 
шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, 
әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен қатар 
әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер береді. Әл – Фараби Аристотельдің 
еңбектерін, әсіресе, оның “Жан туралы» еңбектерін жете зерттеп, араб тіліне аударды. 
Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл – Фарабидің Аристотельдің ықпалында болғандығы 
шындық фактор. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде 
“Дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге көшіп 
өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып 
орналаса да алмайды” - деген ғылыми пайым жасайды. Сондай – ақ ол дүниеге келісімен 
адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі 
түрлері мынандай деп көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша-«әл-қуат әл-
газийа»); түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі 
іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш – қуаттың
әл – Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. 
Ал ол өзінің «Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары» дейтін 
еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің 
қатысуымен жасалып отыратын материалдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам 
жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. 
Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып 
саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағынада қарастырады. Әл – 
Фарабидің психология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын 
және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.
Орта ғасырларда жан тураалы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген 
араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста – Ибн Сина, ал батыста – Ибн Рошд 
болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері 
еуропалық елдерде кеңінен таралды.Ибн Синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын 
еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыр дүниенің шартарабына таралып, барлық деңгейдегі 
медициналық мектептердегі бірден-бір құрал болды. Ал Ибн Рошдтың ақыл-ойдың 
дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластиканы діңкелетіп, дүние болмысы мен 
адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд 
көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі 
тәнге байланысты, оның заңдылығын қалай болса, солай өзгерту мүмкін емес, әрбір 
адамның жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындыққа сай келмейді дейтін 
мистикалық ұғымның жалғандығын ашып көрсетті. 
Ибн Синаның көзқарастарындағы тағы бір маңызды мәселе—оның жан туралы 
философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір – біріне қайшы пікірі. Оның 
анықтауынша, жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. 
Алайда, ол бұл мәселенің психофизиологиялық мәнін ашып көрсету үшін тәжірибелік 
зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медициналық психология саласында Ибн 
Сина пікірлерінің түйіні — өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей 
бермей, шығыс медицинасының табыстарына иек артьп, неғұрлым тәжірибеге, оның 
жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой-тұжырымдарын ол өзінің «Медицина 
қағидаларында» кеңінен баяндайды. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып 
отыратындығы бұл еңбекте материалистік тұрғыдан қа-растырылады. Ибн Сина 
зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл-күйіне қатысты сезімі мен 
эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология 


іліміндегі жаңашылдық бағыт еді. Ибн Синаның психологиялық ой-пікірлері мен 
зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бақылауға жүгінді. 
Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидің ғылымды бақылау 
нәтижелерімен тәжірибеге негіздеу жайындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның 
психофизиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі 
жайындағы ғылымның қанат жаюына елеулі үлес қосты. 
Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір 
сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік 
көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома 
Аквинский (1225—1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі 
көзқарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындықка сай 
еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175—1263 жж.), оның 
шәкірті Роджер Бэкон (1214—1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика 
ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен 
бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жаңғыртты, Пси-хологияның даму 
тарихында орта ғасырлық дәуір таластартысты оқиғаларға толы болды. Психология 
ғылымының тарихында XVII ғасырдың алатын орны ерекше. Бүл кезеңде Еуропа 
халықтары дамуында елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жайында жаңаша 
көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561—1626 
жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оның нәтижелерін адамның құралына 
айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның 
табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш-қуатын арттыру керек. Бұл орайда дүниенің 
сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты: XVII ғасырдағы 
психологиялық ой-пікірді дамытуда: а) жанды дененің
соның ішінде адамның да жан 
дүниесін зерттеп, олардын кұпия сырларын ашу; ә) әрбір индивидке (жеке адамға) тән 
сананы, оның ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік пихикалық күй-жайын; б) адамның 
құмарлығы, мен аффектті күйлерін, оның өз мінез-құлқын меңгеруін, жақсы, жаман 
істерге бой ұруын; в)денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық 
жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді. 
Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің 
еңбектерін жазған ойшылдар — Декарт (1596— 1650 жж), Т. Гоббас (1588—1679 жж.), Б. 
Спиноза (1632 — 1677 жж.), Г. Лейбниц (1646—1716 жж.), Дж. Локк (1632—1704 жж.) 
сияқты аттары әлемге әйгілі адамдар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет