Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті Психология және педагогика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет6/66
Дата25.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#110175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
5.
 
Психология ғылымының негізгі бағыттары
Когнитивтік психологияда танымдық процестерді жете түсіндіре алған тұтас бір теория 
қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен, когнитивтік психология 
психикалық әрекеттің иесі деп әсерленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) 
мойындауына мәжбүр болды. 
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелеі қарсылығымен танылған ірі 
бағыттардың бірі – 
гуманистік психология
. Гуманистік психологияның негізін 
қалаушылардың 
алдына 
қойған 
мақсаты- 
бихевиоризм 
мен 
психоанализді 
дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, 
өміршен психологияны таңдап алу еді. Олардың тадауындағы жеке адам мақсаты- өзін-өзі 
кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу. Көрнекі өкілінің бірі 
Абрахам Маслоу. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін 
еместігін айтты. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол 
адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықласында деп 
есептеген. өз мүмкіншіліктерін ашуға қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. 
Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтіруге 
ұмтылу ( адам табиғатынан қайырымды ). Екіншіден, адам өз болмысына орай 
кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен 
пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал 


мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарға тән. Есі 
кеткендер мен жүйе сырқатына шалдық-қандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. 
Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп 
көрсеті: физиологиялық қажеттіліктері, қорғаныс қажеттіліктері,қоректағамдық 
қажеттіліктері, адамгершіл қажетсінулер, шындық, қарапайымдылық,әділдікті керек ету. 
Әрине, ол қажеттіктердің әлеуметтік қорына мән бермеді.
Маслоу теориясының кемшілігі: оның биологизаторлық пікірден аса 
алмағандығында. Адамгершілік, этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану – 
биологизациялық дағдарысқа тірелудің басы. 
Психология ғыдымының дамуына орыс психологтарының еңбектерінің тоқталсақ:
А.Г.Коволевтің «жеке адамның кісілік ұғымы» 1970 ж А.А.Смирновтың «ес 
психологиясы» 1966 ж. Б.Г.Ананьев,Л.С.Выготский, Л.И.Гальперин, А.К.Запарожец, 
А.Р.Лурия т.б.үлес қосты. Психологияның проблемалары Мәскеуде, Киев, Тибилисидегі 
ғылыми зерттеу институттарында, университеттеріндегі арнаулы кафедраларында 
зерттелінуде.1957 ж бастап психологтардың Бүкілодақтық қорлары жұмыс істей бастады. 
1946 ж Логика және психология пәндерін оқыту мәселесі қаралды. Яғни орта 
мектептерде.
Қазақстан жерінде 1986 ж С.Мұқановтың «ақыл-ой өріс Т.Тәжібаевтың
субъектеріндегі» республикамыздағы кадрлар, психологтар дайындау жөнінде мәселе 
көтерілді. Осы салада, еңбек сіңірген ғалымдарымыз аз емес. Ә.Темірбеков; С.Балаубаев; 
Ә.Сыдықовтың; Ш.Әлжановтың педагогикамен араластыра жазған еңбектері болды. 
Сондай-ақ, Қ.Жарықбаев; Н.М.Итбаевтың т.б. еңбектерінің мәні зор. 
Соңғы уақытта «Этнопсихология» мәселесін алға қойылуда. 
Соңғы жылдары спорт, заң, әлеуметтік, медициналық жалпы салаларында да
түрлі мәселелер зерттелуде. Мәселен, спорттағы сәтсіздіктің психологиялық
себептертері т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет