“ШАШТАРАЗ” ойыны Ойынның шарты: Шаштараз салонына қуыршақтар өздерінің шаштарын сәндеуге келді. Қайшыны алып, кейіпкердің әрқайсысына шаштарын әдемілеп, сәндеп қой.
Қаламмен жұмыс “тізбекті аяқта” жаттығулары
Қорытынды
Қорытындылай келе, жоба жұмысының негізгі мақсаттарына жету үшін мынадай жұмыстар жүргізілді:
Есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері сипатталды;
арнайы педагогиканың салалары сурдопедагогика, тифлопедагогика, логопедияға қысқаша түсінік берілді;
есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктеріне жалпы түсінік берілді;
есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдарына жалпы түсінік берілді;
Есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстар мен жаттығуларға тоқталдық;
Мүмкіндігі шектеулі баламен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлінді: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар баланың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері жеке түзету сабақтарында оқу материалдары баланың даму ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, баланың дамуын, қалыптасуын жетілдіретін жарқын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынуы керек деп қорытындыланды.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2015жылғы №348 бұйрығы Инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық тәсілдері. (1-12 беттер) 2. 2002 жыл 11 шілде №343 бұйрық “Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы. (1-5 беттер) 3. Айтбаева А.Б “Коррекциялық педагогикалық негіздері” Алматы 2008жыл (11б, 25б, 34б ) 3.Л.А.Головчиц. Мектепке дейінгі сурдопедагогика. Есту бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. М., 2001. (45-49беттер)