Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту мынадай тәртіпте: 1) естімейтін оқушылар дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 8 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша; 2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар дайындық және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша; 3) ақыл-ой кемістігі бар естімейтін және нашар еститін оқушылар зерде бұзылыстары бар балалар мен есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады. Есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтар оқу күні ағымында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Оқушылардың есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтарға бару кестесі білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей:
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар.
Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайыдидактикалық материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады.