Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады. Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі. Күрделі бұзылыстары бар көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады. Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады.
Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Есту бұзылыстары бар балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2,5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана.
Заттық іс-әрекет негізінде есту бұзылысы бар баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, бірінші қатарда - көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/; қозғалыстары дамып, күрделенеді, негізгі ойлау түрі - бейнелі-әрекеттік -қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын - мектепалды жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті. Ерекшеліктері: есту бұзылысы бар балалардың ойындарында үлкендердің өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-қатынастары бейнеленеді. Ойын іс-әрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері күрделеніп, толықтырыла түседі.
Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының деңгейін.
Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары
Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу, еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады.