“Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”



бет1/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#126598
  1   2   3   4   5   6   7   8


Жобаның тақырыбы:
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық – педагогикалық жұмыстар

Жобаның өзектілігі:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-ндегі №524 бұйрығымен бекітілген. “Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді, даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.).


Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсетті. Осы алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психолог және ата – аналарға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, өмірге бейімдеуге байланысты көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, құрал жабдықтар қол жетімді емес. Осы қарама – қайшылықтардың шешімін іздестіру мақсатында “Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар” тақырыбына зерттеу жүргіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет