Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)
Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторларды интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өндіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процесінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.
Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.
Құбылыстардың сандық айқывдылығын көрсететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).
Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі факторға еңбек өнімділігі, ал жай факторға есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны мысал болады.
Көрсетілгендей, бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура, басқалары жанама әсер етеді. Осыған тәуелді басқарылымның бірінші, екінші және үшінші және әрі қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және бірінші деңгейлі факторлар болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшығак келетін орташа жылдық өндірілген өнім көлемі болып табылады. Бір жұмысшының жұмыс істеген күндерінің саны және орташа күндік жұмыс сағаттары – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші реттегі факторларға жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.
Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде анықталуы мүмкін. Сонымен бірге толық факторлар қатары бар, олардың әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне қатысты емес, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т.б.