Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет123/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Экспресс-талдаудың мақсаты
2. Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды
3. Экспресс-талдаудың негізгі элементтері


46.Тақырып . Факторлық талдау әдістемесі


1.Факторлық талдау туралы түсінік
2.Факторлық талдау келесідей типтерге бөлінеді
3.Экономикалық талдауда факторлар әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі
4.Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлар


Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін факторларды кешенді және жүйелі түрде зерттеу және анықтау әдістемесі.
Факторлық талдау келесідей типтерге бөлінеді:
-детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);
- тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);
- бір сатылы және көп сатылы;
- статикалық және өсіңкілі (динамикалық);
- ретроспективті және перспективалық (болжамды).
Ұйым қызметіндегі барлық құбылыстар мен процестер бірбірлерімен өзара байланыста, өзара тәуекелділікте болады, яғни олар тікелей және жанама байланыстарда болуы мүмкін. Мысалы, ұйым пайдасының көлеміне сату көлемі мен құрылымы, баға, өзіндік құн сияқты факторлар тікелей әсер етуі мүмкін, ал басқа факторлардың барлығы осы көрсеткішке жанама түрде әсер етеді.
Әрбір құбылыс себеп және нәтиже ретінде қарастырылуы мүмкін. Соған байланысты, егер қандай да бір көрсеткіш бірнеше себептердің әсерінен нәтиже ретінде қарастырылса және ол зерттеу объектісі ретінде көрінсе, онда өзара байланыстарды зерттеу кезінде оны нәтижелік көрсеткіш деп атайды. Ал нәтижелік белгіні анықтайтын көрсеткіштер факторлық көрсеткіштер деп аталады.
Әрбір нәтижелік көрсеткіш көптеген факторларға тәуелді болады. Нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсер етуі неғұрлым терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі соғұрлым нақты болады. Сондықтан да экономикалық талдау маңызды әдістемелік сұрақтарының бірі зерттеліп отырған көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін фак-торларды анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет