Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Детерминантталған факторлық талдау ретінде фактор



бет124/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды сипатта болатын зерттеу әдістемесі, яғни нәтижелік көрсеткіш факторлардың қосындысы, көбейтіндісі ретінде көрінуі мүмкін.
Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткіштермен байланысы ықтималдылыққа (корреляциялы) негізделетін зерттеу әдістемесі. Мысалы, әртүрлі ұйымдарда өндірістің бірдей жарақтануына қарамастан еңбек өнімділігі әртүрлі болуы мүмкін.
Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі, яғни жалпыдан жекеге қарай жүргізіледі.
Кері факторлы талдау логикалық индукция әдісімен себепсалдарлық байланыстар зерттеледі. Яғни, жеке, бөлек факторлардан жалпыға қарай.
Бір сатылы талдау – бір деңгейдегі бір-біріне бағынышты факторларды ғана зерттеу үшін қолданылады, яғни факторлар құрамдас бөліктерге бөлшектелінбейді. Мысалы, у = а*Ъ.
Көп сатылы факторлық талдау кезінде а және Ъ факторларын олардың мәнін зерттеу мақсатында құрамдас элементтерге бөлшектеу жүзеге асырылады. Факторларды бөлшектеу әрі қарай жалғастырылуы да мүмкін. Сол сәттегі бағынушылықтың барлық деңгейіндегі факторлардың әсері зерттеледі.
Статикалық факторлық талдау – белгілі бір күндегі нәтижелік көрсеткіштерге факторлардың әсер етуін зерттеу үшін қолданылады.
Динамикалық факторлық талдау – бірнеше кезеңдегі (өсіңкіліктегі), яғни өткен жылдардағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу әдістемесі.
Ретроспективті талдау өткен кезеңдегі нәтижелік көрсеткіштердің өзгеру себептерін зерттейді.
Перспективті талдау факторлар мен нәтижелік көрсеткіштің мәнін зерттейді.
Экономикалық талдауда факторлар әртүрлі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
Табиғаты бойынша:
-табиғи-климаттық факторлар;
-әлеуметтік-экономикалық факторлар;
-өндірістік-экономикалық факторлар.
Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша:
-негізгі факторлар;
-қосалқы факторлар.
Зерттеу объектісіне қатысы бойынша:
-ішкі факторлар;
-сыртқы факторлар.
Таралу деңгейі бойынша:
-жалпы факторлар;
-арнайы факторлар.
Әсер ету уақыты бойынша:
-тұрақты факторлар;
-ауыспалы факторлар.
Іс-әрекет сипаты бойынша:
-экстенсивті факторлар;
-интенсивті факторлар.
Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет