Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
1. Баланс активінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасы оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.
A(I+II)=П(I+II+III) Бұл теңдік бухгалтерлік баланстың негізгі ойын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:
– құрамы мен таратылуы бойынша;
– қалыптасу көздері (қаржыландыру) бойынша.
2. Ережеге сай активтің екінші бөлімінің жиыны пассивтің үшінші бөлімінің жиынынан аз:
А(II) < П(III). Бұл теңсіздіктің экономикалық мәні мынада, яғни меншікті қаражаттардың бір бөлігі негізгі құралдарға және ұзақ мерзімді қаржы салымдарына жұмсалады. Ал қалған бөлігі – активтің бірінші бөлімінде көрсетілген айналым қаражаттарын жабуға кетеді.
3. Қысқа мерзімді активтердің жалпы сомасы қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемінен асады:
А(I) > П(I). Берілген теңсіздік алдыңғы теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты жұмыс істеу кезінде айналым қаражаттарының едәуір бөлігі кәсіпорынның, өзінің қаржы ресурстары есебінен алынуына бағытталған.
4. Меншік қатынастарын сипаттайтын баланс баптарының топтары арасындағы байланыстың нарықтық экономика жағдайында әлдеқайда терең экономикалық мәні бар, ол келесі теңсіздікте көрсетілген:
А= Ск + Пк, мұндағы А – кәсіпорынның активтері; Ск – меншікті капитал; Пк – міндеттемелер.
Берілген теңдік кәсіпорынның барлық активтері (А) негізінен екі түрлі көзден тұратынын көрсетеді: меншікті капитал (Ск) және міндеттемелер (Пк).
Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі