Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Практикалық сабақ мазмұны



бет199/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Практикалық сабақ мазмұны:
Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет:
1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші
2. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау
3. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз
4. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар

Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады.


Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, 2016 жылы өнімді өткізуден түскен табысты 2015 жылдың еркін сатылу бағасымен ( ҚҚС және акцизсіз ) қайта есептеп, содан кейін оны 2016 жылдың еркін сату бағасымен ( ҚҚС және акцизсіз ) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін ( өскенін немесе кемігендігін ) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
2016 жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс 2015 жылғы бағамен:
215000 / 1,05 = 204761.
Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:
215000 – 204761 = 10239 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен 2016 жылдағы қосымша табыс 10239 мың теңгені құраған.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
2015 жылығы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Біздің талдауымызда 2015 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 2,5 % — ға [( 204761 / 210000 * 100 = 97,5 ); 100 – 97,5 = 2,5] көбейген. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі есебінен жалпы табыстың өсімі 997,5 мың теңгені [ 39900 * 2,5 / 100 ] құраған. Есептеуді, 2005 жылғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады:
[ 39900 / 210000 * ( 204761 – 210000 ) ] = — 997,5 мың теңге.
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, 2016 жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен 2015 жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы 2016 жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергендігін көрсетеді. Есептеу:
[ ( 167700 / 204761 ) – ( 170100 / 210000 ) ] * 204761 = 2047 мың теңге.
Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 2047 мың теңгеге өсті.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкелді.
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалпы табыс 11288,5 мың теңгеге [ ( +10239 – 997,5 + 2047 ) = 11288,5 ] өсті.

49практикалық сабақ Ұйымның табыстылық көрсеткіштері және оларды талдау міндеттері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет