Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады



бет22/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   213
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады.
Біріншіден, бұл функциялардың бірі – экономикалық заңдардың іске асу сипатын зерттеу, кәсіпоорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың тенденцияларын орнату.
Екіншіден, талдау функциясы болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.
Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.
Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.
Оперативтілік деп отырғанымыз – бұл тез және оның талдау жасау, басқару шешімдерін қабылдау және оларды іске асыру. Талдау нәтижелі болуы тиіс.
Шаруашылық қызметті талдаудың пайда болуы кез келген саланың пайда болуына қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.
Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бухгалтерлік есептің қайтақаралуы, бақылау мен шаруашылық қызметті талдау басқа авторлардың да туындыларында көрініс тапты.
Соғыстан кейінгі жылдарды талдаудың теориялық сұрақтарына арналған деп айтуға болады. Осы кезде талдау кәсіпорынның да ұлттық экономиканың деңгейінде басқару тәдірибесінде қолданыла бастады. Экономикалық талдаудың дербес әдістемелік бағыттары жетіле бастады: салыстырмалылық, технико-экономикалық, оперативті, экономика-математикалық, функционалды-бағалық және т.б.
Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуында үлкен рөлді М.И.Баканов, А.Д.Шеремет, С.Б.Барнгольц, В.Ф.Дьяченков, А.Ш.Маргулис, А.И.Муравьев, В.И.Самборский, Н.В.Дембинский, Г.М.Таций, Н.Г.Чумаченко, В.И.Стражев, С.Г.Овсянников, Н.А.Русак, Л.Н.Кравченко, Б.И.Майданчик, Р.С.Сайфулин, А.Ф.Аксененко және т.б. экономист ғалымдар.
Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық жағынан негізделген ғылым ретінде қарастыруға болады. Ғылым жұмыскерлерімен жасалған бірқатар әдістемелер өндірісті басқаруда әртүрлі дәрежеде болып келеді. Сонымен қатар, ғылым даму қалпында. Басқарушылық шешімдерді оптимизациялайтын математикалық, ЭВМ әдістерді зерттеу кеңінен жүргізілуде. Шетел және отандық теориялық жетістіктердің тәжірибеде қолданылуы жүргізілуде.
Шаруашылық қызметті талдаудың теориялық бағыттары математика, статистика, бухгалтерлік есеп және т.б. ғылымдармен байланысты. Сондай ақ, талдауды дамыту тәжірибелік сұрақтармен байланысты. Басқарудың командалық-административті жүйесінде талдау тәжірибе жүзінде қажетінше дами алмады.
Ал қолданбалы жүйеге келгенде шаруашылық қызметті талдауды басқарудағы жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа көшудегі экономикалық механизмнің жетілуі кәсіпорынның бәсекелестігі мен осы ғылымға деген қызығушылықтың өсуіне әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет