Жүйелі талдау процесінде бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастыруға болады. Зерттеудің бірінші кезеңінде талдау объектісі анықталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл үшін ең басында жүйе элементтері ретінде қарастыруға болатын объектінің жеке бөліктерін бөліп көрсетеді. Нақты жағдайларда жүйе бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін, яғни бірінші деңгейдің әрбір бөлек алынған элементін жеке жүйе (ішкі жүйе) түрінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, талдаудың бірінші деңгейінде жүйенің даму мақсаты, оны шешетін мәселелер, басқа жүйелермен байланыс, жеке элементтер арасындағы өзара байланыстар, әрбір элементті және жүйені түгелдей іске асыру құрылуы тиіс.
Жүйелі талдаудың екінші кезеңнің негізгі мақсаты – жүйелері бар шарттарға, өзара байланыстарға (ішкі және сыртқы), элементтерге барлығына анағұрлым толық және сапалы баға беруге мүмкіндігі бар көрсеткіштердің іріктелуі.
Үшінші кезеңде зерттелетін жүйенің жалпы схемасы құрастырылады. Графикалық тұрғыда ол әдетте әрбір элементке арнайы блок сәйкес келетін блоктық сурет түрінде көрсетіледі. Бөлек блоктар жүйенің ішкі және сыртқы байланыстарының бары мен бағытын көрсететін бір-бірімен стрелкалар арқылы байланысқан. Мұнда алдыңғы кезеңде таңдалған көрсеткіштер жүйе элементтері мен байланыстары бойынша үлестіріледі, олардың тізімі нақтыланады (бірін-бірі қайталайтын шығарылып тасталады, ақпараты жеткіліксіздері ауыстырылады.).
Талдаудың төртінші кезеңі жүйенің экономика-математикалық үлгісі жалпы түрде құрылуына арналады. Мұнда сапалы талдау негізінде жүйенің барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің математикалық нысандары анықталады. Бұл кезеңде әртүрлі әдістер көмегімен барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің коэффициенттері, шетеу параметрлері мен мақсат функциялары анықталуы тиіс.
Нәтижесінде істелген жұмыс қорытындысы бойынша таңдалған объектіні экономикалық талдау үшін пайдаланылуы мүмкін экономика-математикалық үлгі алынуы мүмкін.
Ең соңғы талдаудың бесінші кезеңі «үлгімен жұмыс» деп аталады. Оны диалог түрінде компьтерде жасаған дұрыс. Өндірістің сол не басқа факторларын сипаттайтын экономика-математикалық үлгісінің (коэффициенттер, шектеулер) бөлек параметрлерін ауыстыру жолымен функция мәнін анықтайды. Осы көрсеткіштерді нақты, жоспарлы және басқалармен салыстыру шаруашылық қорытындысын, нәтижелі көрсеткіштер шамасына факторлар әсерін бағалауға, ішкі шаруашылық резервтердің пайдаланылмаған көлемі мен көздерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Талдауға суреттелген көзқарас басқалармен салыстырғанда маңызды артықшылықтарға ие: ол зерттеудің кешенділігі мен мақсаттылығын; өндіріс тиімділігінің арту резервтерін табудың әдіснамалық негізделген схемасын; шаруашылық нәтижелерін объективті бағалауды; шапшаңдық, әрекеттілік, негізін, талдау мен оның қорытындыларының дәлділігін қамтамасыз етеді. Алынған экономика-математикалық үлгі талдауда қайта-қайта қолданылуы және басқарушылық шешімдерді негіздеудің жақсы құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.
Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.
Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.