Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Халық тұтынатын товарлар өндіретін салардың үлесі



бет25/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Халық тұтынатын товарлар өндіретін салардың үлесі Қазақстанда кем еді. Ол өнімдердің 60 прцентке дейін республикаға сырттан әкелініп тұрды. Қазақстаннан жуылған жүннің 70%, жиналған астықтың жартысынан астамы, мақтаның, мал терісінің 50% өңделмеген күйінде сыртқа жіберіліп отырды. Шикізат және жартылай өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-7 млрд. рубль болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделгеннен кейін қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8 млрд. болып шықты. Республика бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі небәрі 9% еді, ал Эстонияда осындай үлес - 45% болатын. Қазақстан одақтық қорға республикада дайындалған барлық еттің 33%-ін / басқа республикалар 17-19%/ жіберіп отырды. Осының нәтижесінде нарықтық қор есебінен бүкіл КСРО бойынша адам басына шаққанда келетін ет көлемі 42 кг. Болса, ол Қазақстанда 32 кг. Ғана болды. Республикадан өңделмеген астық пен жүннің салық айналымынан бюджетке түспеген ақша 1,1 млрд. рубльге кеміп отырды.
Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда Қазақстанның экономикасы иемдене басқарылып, өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында жүргізілді. Мысалы, Қазақстан өнеркәсібінің 93%-ін одақтық министрліктер мен түрлі иеліктер басқарды. Күрделі қаржының 70 процентке дейіні "А" тобындағы өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалды. Мұның өзі экономиканы қайта құру барысында шаруашылықты мемлекет меншігінен алуды және жекешелендіруді /приватизациялауды/ қиындата түсті.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Экономиканы қайта құра бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен 5-6 млн. адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 1/3-ден асатамы.
Республикадағы 214 селолық аудандардың 180-і жәрдем қаржымен /дотациямен/ күнелтті, 70 аудан экономикалық даму жағынан өте артта қалды, ал 30 аудан кедейліктің күйін кешті. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің 20 млн. гектардан астамы әскери - өнеркәсіп кешенінің /ӘӨК/ пайдалануында болды.
Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, ал мұнда қоршаған ортаның экологиялық былғанышы ғана қалдырылды, экологиялық жүдеулік жер-жерде қоюлана түсті. Қазақстанның барлық өнеркәсіп орталықтарында да ауадағы зиянды заттар тиісті мөлшерден артып кетті. Арал теңізінің ернеуі 13 метр төмендеді, су бетінің деңгейінің 1/3 суалап қалды, су қорының 60% солды. Осылардың салдарынан теңіз суының тұздануы 2,5 есе өсті де ауаға тарайтын зиянды заттар 5,4 млн. тоннаға жетті.
Ұзақ жылдар бойы товар-ақша қатынасын елемелеу, экономиканың монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және товарлардың жеткіліктігіне қарамастан тапшылыққа, товар-ақша тепе-теңінің бұзылуына, қайта-қайта бөле берудің тууына, мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделілігі де, ұзаққа созылатындығы да осы себептерден болып отыр. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып орнықтыру соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты жағдайларға соқтырды.
"Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы" екінші бағдарламада экономиканы тұрақтандырып нарыққа өту кезеңіне/ 1992-1995 жж. алғашқы кезеңге мынадай міндеттер қойылды:
1.мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
2.тұтыну нарқын товарлармен қанықтыру;
3.республиканың әлем шаруашылығына енуі
Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі экономикалық және әлеуметтік салаларда дағдарысқа ұшырау жағдайында жүргізілуде, мұның өзі көптеген тысқы және ішкі себептерге байланысты болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет