Бақылау сұрақтары:
1.Нарықтық экономикаға көшу кезеңі
2. Нарық еркіндігі экономикалық жауапкершілік
3. Экономиканың ашықтығы ,Бәсеке
4. Нарықтық баға қою жолдары
5. Халық тұтынатын товарлар өндіретін салардың үлесі
4. тақырып Экономикалық талдаудың заңы.
1.Экономикалық талдаудың заңы
2. Экономикалық категориялар
3. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекшеліктері
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.
Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |