Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Индекстік әдісті қолдану арқылы төмендегідей міндеттерді шешуге болады



бет37/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Индекстік әдісті қолдану арқылы төмендегідей міндеттерді шешуге болады:
құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруіін, яғни динамикасын зерттеу (динамиканың индексі),
күрделі экономикалық индекстердің динамикасына әсер ететін факторларды зерттеу (факторлық индекс),
жоспарлық тапсырманың орындалуын сипаттау (жоспарлық индекс),
әр түрлі аумақтар бойынша бір кезеңге тиісті құбылыстарды салыстыру (аумақтық индекс),
құрылымдық өзгерістердің әсерін анықтау (құрылымның өзгеру индексі) және т.б.
Жеке және жалпы индекстер
Индекстерді күрделі құбылыстардың жеке элементтері үшін де, тұтас құбылыстар үшін де есептейді. Құбылыстардың жеке элементтерінің қатынасын анықтау үшін жеке индекстер қолданылады. Ал күрделі құбылыстар үшін жалпы индекстер қолданылады. 
Жеке индекстер статистикалық жиынтықтың біртекті элементтерін салыстыру арқылы анықталады және есепті мерзімдегі көрсеткішті базалық мерзімдегі көрсеткішпен салыстырады.
Жеке индекстер латынның кіші «і» әрпімен, ал жалпы индекстер латынның үлкен «І» әрпімен белгіленеді және осы белгілердің төменгі оң жағына зерттелетін көрсеткіштердің таңбалары жазылады.
Жеке индекстер мынадай түрлері болады: 1. бағаның жеке индексі (ір):
Мұндағы p1– есепті кезеңдегі өнім бірлігінің бағасы; P0 – базалық кезеңдегі өнім бірлігінің бағасы.
2. Өнімнің физикалық көлемінің жеке индексі (іq): Мұндағы q1 – есепті кезеңдегі өнімнің физикалық көлемі; q0 – базалық кезеңдегі өнімнің физикалық көлемі.
Агрегатты индекстердің екі элементі болады:
индексі есептелетін шама (айнымалы шама);
индекстің салмағы (тұрақты шама) .
Индекстің салмағы әр түрлі, тікелей салыстыруға келмейтін элементтерді салыстырмалы түрге келтіру үшін қолданылады.
Егер элементтердің жиынтығын алдын-ала топтарға немесе бөліктерге бөліп, содан кейін осы бөліктерге есептеулер жүргізетін болсақ, онда топтық индекстерді аламыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Индекстердің маңызы, мәні және жіктелуі
2. Жеке және жалпы индекстер
3. Индекстердің жіктеу белгілері және түрлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет