Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет34/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Топтастыру дегеніміз барлық мәліметтер қорын бірдей немесе әр түрлі интервалмен бөлу әдісін айтамыз.
Бірдей интервалмен мәліметтерді топтастырудың мақсаты оларды салыстыру болып табылады. Егер де мәліметтерді бірдей интервалмен топтастыра алмасақ, онда біз оларды өсу немесе кему ретімен қою арқылы топтастырамыз. Бұндай топтастыру үлкен вариация немесе біркелкілік болмаған жағдайда қолданылады.
Талдаудың мақсатына байланысты келесідей топтастырудың түрлері ажыратылады:
Типологиялық топтастыру;
Құрылымдық топтастыру;
Аналитикалық топтастыру.
Типологиялық топтастыруға келесілер мысал бола алады: табысы бойынша топтау, кәсіпорындарды капиталы бойынша топтау, т.б.
Құрылымдық топтастыру әрбір құрамдас бөліктерінің қатынасын білу және сол арқылы объектінің құрылымына мінездеме беруге мүмкіндік береді. Мысалы: кәсіпорын шығаратын өнімін түрлері бойынша құрылымы, қолданылатын негізгі қорлардың құрылымы және т.б.
Аналитикалық топтастыру зерттеліп отырған жағдайлардың байланыс формасын анықтау үшін немесе бұл байланыстың тарлығын анықтау үшін қолданылады.
Құрамы жағынан қарапайым және күрделі топтар ажыратылады. Қарапайым топтастыруларда бір белгі бойынша көрсеткіштер арасындағы байланыс зерттеледі.
Бөлшектеу әдісі (детализация) экономикалық талдауда мәнді болып келеді. Бөлшектеу зерттелетіг объектіні құрамдас бөлшектерге бөлуді ұзарту арқылы жүргізеді, әсіресе бөлшектенетін модельдерді кеңейту немесе қысқарту арқылы шаруашылық қызмет нәтижесіне әсер ететін терең факторлардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Шығарылған бір өнімнің өзіндік құнын (С) анықтау үшін жалпы шығындарды (З) өндірілген өнімнің көлеміне (ВП) бөлу арқылы табамыз:
Ал егер шығындар сомасын оның материалдар (М), еңбек ақы (ЗП), әлеуметтік салық (СН), амортизация (А), өндірістік үстеме шығындар (КР) сияқты құрауыштары арқылы есептесек, онда ұзартылған факторлар жиынтығынан тұратын аддитивті модельді аламыз:
Модельді формуладағы алымы мен бөліміне басқа бір немесе бірнеше көрсеткіштерді қосу арқылы кеңейтуге болады.
Бөлшектеу әдісін экономикалық талдаудың кез-келген әдісімен бірге көмекші ретінде пайдалануға болады және ол өте қолайлы болып келеді.
Баланстық әдіс негізінен екі топтағы өзара байланысқан экономикалық көрсеткіштердің арақатынасын, пропорциясын көрсету үшін қолданылады. Бұл әдіс бухгалтерлік есепте және жоспарлауда кеңінен қолданылады. Ол экономикалық талдауда, әсіресе кәсіпорынның еңбек ресурстарымен, қаржылық ресурстармен, шикізаттармен, отынмен, материалдармен, негізгі құралдармен және т.б. активтермен қамтамасыз етілуін талдауда ерекше орын алады. Мысалы, кәсіпорынның еңбек күшімен қамтылуын талдаған кезде, бір жағында кәсіпорынға қажетті оптималды еңбекшілер саны, ал екінші жағында кәсіпорында нақты жұмыс істейтін еңбекшілер саны көрсетілген баланс құрастырылады.
Егер материалдық ресурстар балансын құрастыратын болсақ, онда кестенің сол жағында ресурстар туралы ақпарат, ал оң жағында өндіріске жаратылған ресурстар туралы мәліметтер беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет