Болжау мен жоспарлауда қолданатын баланстар жүйесіне бөлінеді:материалдық, еңбектік және қаржылық. Айтылған тооптардың әр қайсысына баланстардың бірнеше қатары кіреді.
Болжамдық және жоспарлық баланстар жүйесінде ортанғы орындардың бірін алатыны – материалдық баланстар. Олардың көмегімен өндірістің және өнімнің нақты түрлерінің тұтынуы бекітіліп, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы негізделеді. Олар сала аралық пропорцияларды бекіту үшін кең қолданылады. Бұл амал алдында қарастырылған моделдер мен әдістердің негізінде сала аралық баланстарды жасау жолымен шешіледі.
Материальдық баланстар сәйкестірілген түрмен қатар шартты-табиғи өлшем бірліктер түрінде де немесе ақшалай түрде жасалынуы мүмкін. Мысалы, жанармайдың құрама балансы, таз күйінде және шартты жанармай түрінде жасалынады (шарттық жанармай тоннасы - шжт).
Барлық материальдық баланстар, әдетте, екі бөлімнен тұрады: ресурстар мен оларды бөлуден. Ресурстық бөлімде негізгі түсетін көздер байқалады, ал оларды бөлу бөлігінде – тұтынудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Олар, әдетте нақты кесте-схемалар бойынша құрылады. Баланстың жасалынуы өндірістік-эксплуатациялық қажеттіліктерге және капиталды құрылысқа қажетті ресурсқа деген сұраныстан басталады, ол үшін тәсілдердің бірнеше түрі жүргізілуі мүмкін. Ең көп таралған түрінің бірі- нормативтік тәсіл: оның, яғни нормалар, нормативтер және өндіріс өнімінің (жұмыстың) көлемінің көмегімен нақты бір ресурс түріне деген қажеттілік анықталады, мысалы қара металлдарды жалға алуда. Болжамдық баланстарды жасауда іріленген (топтасқан) нормалар қолданылады. Әдетте, макро деңгейде өнімнің 1 млн. теңгеге шаққандағы ресурс шығынының іріленген нормативтері немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарына 1 млн.млрд. теңгелік іріленген нормативтер қолданылады.
Бақылау сұрақтары: 1. Баланстық әдіс туралы түсінік
2. Макродеңгейде жасалынатын болжамдық баланстардың ролі
3. Болжау мен жоспарлауда қолданатын баланстар жүйесі
1.Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету
2.Ақпараттардың ресми түрлері
3.Талау жүргізудің есептегі дерек көздері
4.Нормативті-жоспарлық көздері
5.Ақпараттың есептен тыс мәліметтері
Ақпарат көздерінің түрлері.Экономикалық талдаудағы көрсеткіштер жүйесі.Оперативтік, ағымдық және перспективтік талдауды жүргізу әдістері Экономикалық талдаудың тәсілдерін жіктеу. Экономикалық талдаудағы салыстыру әдістері
Экономикалық талдау нормативтік, статистикалық, бугалтерлік және жедел мәліметтердің, алғашқы құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға болатын түрлі шығыс ақпаратқа негізделген. Ақпараттардың барлық дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық, есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.