Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет70/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   213
Бақылау сұрақтары: 
1. Қаржылық жағдайын талдау әдістері
2. Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі
3. Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты
4. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлу


25. тақырып Аналитикалық жұмысты ұйымдастыру

1. Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың аналитикалық


жұмысты ұйымдастыру
2. Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер 
3.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер 

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың аналитикалық


жұмысты ұйымдастыру- аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;қытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды қамтиды:
а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;
б) талдау объектілері;
в) әрбір талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;
г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;
д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;
е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу көздері;
ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер зерттеудің бөлек бөліктерін жүзеге асырады);
з) ақпаратты аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай пайдаланылатын техникалық құралдар;
к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың сипаты;
л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.
Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:
-аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
-оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.
Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады:
Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады.
Екінші кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жиналып дайындалады (онық нақтылығы тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.с.с.).
Төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен, басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және т.с.с.
Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың нәтижеге әсері анықталады.
Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және перспективалы резевтері анықталады.
Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған резервтердің және түрлі факторлар әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.
Аналитикалық зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі шаруашылық қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде мыналар үшін қолданылады:
-жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру, жүйелендіру);
-зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;
-факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;
-өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған резервтерін есептеу;
-Кәсіпорынның қызметін кешенді бағалау және талдау нәтижелерін жалпылау;
-Басқарушылық шешімдердің, әртүрлі шаралардың, экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарларын негіздеу.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатыпалушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы – материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады. 
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет