Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет68/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі қойылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты болады.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
қаржылық есепті экспресс – талдау;
қаржылық жағдайды тереңдетіп (нақтылап) талдау;
Экспресс – талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспресс – талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
Дайындық;
Қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
Экономикалық оқу және есеп беруді талдау;
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.
Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.
Есептің оқуға дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. Мұнда есеп берудің формальды нышаны және мәні бойынша көзбен шолу және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшалардың, деректемелер (реквизиттер) мен қойылған қолдардың барлығы анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы салыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.
Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау, қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет