Баланс өтімділігін талдау міндеті нарық жағдайында қаржылық шектеулердің қатаңдығын нығайту және кәсіпорын кредит төлем қабілеттігіне баға беру қажеттілігімен, яғни оның барлық міндеттерін уақытында өтеу қабілетімен байланысты туындайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын қысқамерзімді және ұзақмерзімді болашақ жағынан бағалауға болады. Бірінші жағдайда баға критериі -кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілеттігі, яғни қысқамерзімді міндеттер бойынша уақытында және толық көлемде есеп айырысу қабілеттігі.
Қай-бір активтің өтімділігі деп оны ақшалай қаражатқа ауыстыру мүмкіндігін санайды, ал өтімділік деңгейі бұл трансформация болған уақыт мерзімінің ұзақтығымен анықталады. Мерзім қасқа болса, активтің бұл түрінің өтімділігі биік болады.
Өтімділік - құндылықтардың ақшаға жеңіл айналу қабілеттігі, яғни өтімділік қаражат. Өтімділікті екі жақтан қарауға болады:активті сатуға керек уақыт және активті сатудан алынған ақша ретінде. ӨЗара екі жақ тығыз байланысты: көбінесе активті қысқа мерзімде сатуға болады, бірақ бағасын тым жеңілдете.
Өтімділік деп кәсіпорын міндеттерін оның активтерімен жабу деңгейі саналады. Олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттерді өтеу мерзіміне сай. Кәсіпорынның төлем және кредит алу қабілеттігі бұл айналым қалай тез өтуіне тәуелді. Өтімділіктің екі ұғымын айыру қажет – баланс өтімділігі және кәсіпорын өтімділігі.
Өтімділік қаражаттарды және тез өткізілетін активтерді ең шұғыл және қысқамерзімді міндеттермен салыстыру ағымды өтімділікті білуге көмектеседі. Баяу өткізілетін активтерді ұзақмерзімді міндеттермен салыстыру болашақ өтімділікті көрсетеді. Ағымды өтімділік қарастырылған сәтке жақын уақытта кәсіпорынның төлем қабілеттігі (немесе төлем қабілетсіздігі) туралы мәлімдейді. Болашақ өтімділік болашақ түсімдерді салыстыру негізінде (олардың ішінен актив және пассивтердің сәйкес топтарында жармысы ғана көрсетілген, сондықтан болжам шамамен алынған) төлем қабілетінің болжамы ретінде көрсетілген.
Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеті туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдайда да түсінік береді.
Төлем қабілетінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден кем болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңызы екіден артық немесе тең.