Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


тақырып.Ұйымның инвестициялық саясаты



бет166/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

67. тақырып.Ұйымның инвестициялық саясаты

1. Инвестициялық саясат 


2. Инвестиция туралы түсінік
3. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
4. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңдері


Инвестициялық саясат – инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтың, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
салық жеңілдіктерін беру; демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру;
тиісті несие саясатын, баға белгіленімін;
амортизациялық саясат жүргізу;
нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың арқасында:
жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды енгізу;
ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтыру;
отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
Қазақстан Республикасының шикізат базасын ұтымды әрі кешенді пайдалану;
менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу; жаңа жұмыс орындарын ашу;
жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру;
өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;
қоршаған табиғи ортаны жақсарту міндеттері шешіледі.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне , дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет