Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет160/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Қаржылық тәуекел -кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері:қарыз және меншікті құжат қаражаттардың ара қатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуекелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жасау.
Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады: Мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.
Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасызетуге бағытталады.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.
Тәуекелді аймақта операция жүргізілген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады.
Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы бар.
Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады.
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, соныменқатар өнімөткізуден түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.
Тәуекел талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу кезіне байланысты әуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты.
Тәуекелді талдауды бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет