Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Иинвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңдері



бет162/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   213
Иинвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңдері:
I кезең. Инвестициялық жобаның тиімділілігі банк несиесінің орташа пайызымен салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – капитал салымдарының аса пайдалы бағыттарының баламасын іздеу
II кезең.  Инвестициялық жобаның тиімділілігі елдегі инфляцияның орташа қарқынымен салыстырылады. Бұл салыстырудың мақсаты – инфляциядан пайда болатын ақша қаражаттарының шығасын барынша азайту.
III кезең. Қажетті инвестиция көлемі бойынша жобалар салыстырылады. Салыстыру мақсаты - несиеге деген қажеттілікті барынша азайту, жобаның аз капиталсыйымды- лықты нұсқасын таңдау. 
IV кезең. Жобалар таңдап алынған тиімділік көрсеткіші бойынша бағаланады. Бұл бағалаудың мақсаты – тиімділіктің көрсеткішіне сай нұсқаны таңдау.
V кезең. Жобаны іске асырудан түсетін жыл сайынғы (тоқсан сайын) ақша ағымдарының тұрақтылығын бағалау.
Тактикалық жобалар- әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады. Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес.
Жобаның тұжырымдалуы- бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды.
Инвестициялық жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономи- калық, институционалдық және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.
Инвестициялық жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет. Жобаны іске асыру-бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет