Жобаның коммерциялық орындалуын талдау- қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:
1. Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2. Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба? Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі – маркетингтің жеткілікті болмауында.
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай: 1.Жоба қандай нарыққа фокусталған. Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па
2.Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арасындағы балансты ойластыра ма.
3.Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме.
4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатына жауап бере ме.
5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе. Жобалар қолданыстағы нарықта іске асатындықтан, жобаларда олардың сипаттамасы келтірілуі болу керек
Нарықты зерттеу мақсаты – тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың, жергілікті, ұлттық немесе халықаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркілен- беген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек. Нарыққа енген жаңа қатысушылардың (болашақ бәсекелестер) мүмкіндіктері мен мәнін және тауар алмастырушылар тарапынан (мысалы, мақта мен синтетика, алкагольсыз сусындар мен жеміс- жидек шырындары) бәсекені бағалау керек. Маркетингтік жоспар жобаның құрамдас бөлігі болу керек.
Техникалық талдау Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады: • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау; • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын; • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру; Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшы- лар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді.
Қаржылық талдау Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық.