Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген



бет165/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   213
Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорын- ның қаржылық жағдайына талдау жасау.
3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Экономикалық талдау Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады. Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
• компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
• импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
• кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін; • нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіп- орындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.
Мұндағы міндет – мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау: • компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарық- тық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стан- дарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу; • ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіштері бойынша) шетелден сатып алу. Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек. Экономикалық талдаудың қажеттігі неде? Егер нарық толығымен (идеалды) еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің керегі жоқ, себебі компанияның иелеріне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады.


Бақылау сұрақтары:
1.Инвестициялық жоба туралы түсінік
2.Иинвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңдері
3. Инвестициялық жобаны дайындау
4. Инвестициялық жобаны сараптау
5. Инвестициялық жобалардың түрлері
6. Жобаның коммерциялық орындалуын талдау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет