12. тақырып Баланстық әдіс.
1. Баланстық әдіс туралы түсінік
2. Макродеңгейде жасалынатын болжамдық баланстардың ролі
3. Болжау мен жоспарлауда қолданатын баланстар жүйесі
Баланстық әдістер- географияда — геожүйелердің дамуын заттардың, энергияның және тағы да басқалары кірісі мен шығысын салыстыру аркылы зерттеуге және болжауға мүмкіндік беретін әдістердің жиынтығы. Баланстық әдістердің негізіне жүйе ауқымында ресурстар қозғалысының немесе оның қоршаған ортамен өзара әрекеттерінің сандық бағасы (өндіруі - тұтынуы, сырттан әкелінуі — сыртқа тасьшуы, активі - пассиві және тағы да басқалары) көрсетілген баланс (баланс матрицасы, үлгісі) жатады. Баланстық әдістер зат айналысын, жылудың, ылғалдың, азықтың баланстарын анықтаған кезде физикалық географияда көп пайдаланылады
Баланстық әдістің көмегімен тепе-теңдік және пропорционалдық қағидалары жүзеге асады. Оны болжамдарды, жоспарларды және бағдарламаларды жасау барысында қолданады.Оның маңыздылығы мемлекеттің өнімнің , материалдардың, еңбек және қаржы ресурстарының қажеттілігі мен ресурс көздерінің және өнімді өндірушілердің мүмкіндіктерімен байланыста болуымен сипатталады. Баланстық әдіс өзара көрсеткіштер жүйесін құрайтын баланстар жинағынан тұрады, онда ресурстардың түсуі көздері бойынша сипаттайтын бір бөлігі олардың шығындарының барлық бағыттарын (пайдалану) бөлетін екінші бөлігіне тең болады.
Макродеңгейде жасалынатын болжамдық баланстардың ролі қазіргі нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде күшейе түспек, яғни нақтырақ айтсақ, есептік баланс, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансы, тұрғындардың ақша кірістері мен шығындары, еңбек ресурстарының жиынтықтық балансы, сұраныс және ұсыныс балансы. Баланстық есептеулердің қорытындылары құрылымдық, әлеуметтік, қаржылық-бюджеттік және несие-ақшалық саясаттың қалыптасуына, сонымен қатар жұмыспен қамтылу және сыртқы экономикалық саясатқа негіз болады. Баланстарды диспропорцияларды ағымдағы кезеңде анықтау үшін, пайдаланбаған резервтерді ашу үшін, жаңа пропорцияларды негіздеу үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |