ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет221/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   440
адам  мәселесін  қарай  келе,  Маркс  пен  Энгельс  Фейербахтың 

биологияға  қатысты  көзқарасын  қатаң  сынға  алды.  Адамның 

биологиялық-әлеуметтік  табиғатын  мойындай  отырып,  олар  бұл 

мәселеге  жүйелі  көзқарасты  іске  асырды.  Маркс  адамның  мәні 

қоғамдық  қатынастардың  «ансамблі»  болып  табылатынын  көрсетті. 

Ол Гегельді адамды тек Дара Идеяны өздігінен танып білу құралына 

айналдырғаны  үшін  жазғырды.  Маркс  пен  Энгельстің  ойынша,  адам 

тарихты өзінің көпқырлы қызметі, іс-әрекеттері барысында тудырады 

және  соның  нәтижесінде  өзі  де  өзгереді.  Болашақтағы  коммунистік 

қоғамда  зорлық-зомбылық,  қылмыс,  тойымсыздық,  көреалмаушылық 

және  басқа  да  күнәлар  оған  жат  болатын  жаңа  адам  дүниеге  келеді. 

Ал  бұл  құқықтық  мекемелерге,  тіпті  қоғам  институты  саналатын 

мемлекеттің өзіне де қажеттілік жойылатынына жеткізеді.

Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын 

алады.  Маркстің  пікірінше,  діннің  бастаулары  аспанда  емес,  жерде, 



217

«...  дін  –  ол  әлі  өзін  таппаған  немесе  өзін  енді  қайтадан  жоғалтқан 

адамның сана-сезімі және өз-өзін сезуі. Бірақ адам – дерексіз, әлемнен 

тыс бір жерді паналап жүрген тіршілік иесі емес. Адам – ол адамның 



әлемі,  мемлекет,  қоғам.  Бұл  мемлекет,  бұл  қоғам  дінді,  жалған 

дүниетанымды  тудырады,  өйткені  олардың  өздері  –  жалған  әлем» 

(Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. – 1-том. 414-бет).

Ол «социализм қалай дамыса, діннің солай жоғалатынына, ал оның 

жоғалуы  қоғамдық  даму,  яғни  тәрбиеге  үлкен  мән  берілетін  даму 

нәтижесінде болуға тиіс екеніне» сенімді болды (Маркс К. Энгельс Ф. 

Шығ. 45-том. 474-бет).

Маркстің барлық ой-пікірлерінің ішінде «күресу» деген сөздің жоқ 

екенін  (қарсыластары  оны  сол  үшін  жазғырады)  ерекше  атап  айтқан 

жөн. Кейіннен: «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл – бүкіл марксизмнің 

әліпбиі»,  –  дегенді  айтқан  Ленин  еді  (В.И.Ленин.  Шығ.  толық  жин.  – 

17-т. 418-бет). Біздің ойымызша, «Дін – халықты улайтын апиын» деген 

формуласына  Маркс  біршама  басқадай  мағына  берсе  керек.  Маркстің 

заманында апиын ауруды жазатын дәрі болған және адамды бұзатын, 

оны құлдырауға жеткізетін есірткі ретінде қабылданбаған.

Бүгінгі  күні  марксизм  туралы  кімде-кім  не  жазса  да,  не  айтса 

да,  ол  –  ерікті  немесе  еріксіз,  ашық  немесе  жасырын  түрде  бір  ғана: 

«Өзін  социалистік  деп  жариялаған  біздің  қоғамымыздың  мүлдем  біз 

қалағандай  болып  шықпағанына  Маркс  кінәлі  ме?»  –  деген  сұраққа 

жауап беруге тырысады.

Алғашқы  жауап  төмендегідей  сипатта:  Маркс  те,  Энгельс  те,  Ле-

нин де бұрынғы КСРО мен социалистік бағыт ұстаған басқа да елдер-

де  орын  алған  өзгерістерге  кінәлі  емес.  Аталған  өзгерістер  –  Сталин 

мен  оның  ізбасарларының  марксизмді  саналы  түрде  және  қасақана 

пиғылмен бұзып көрсеткенінің нәтижесі.

Осы дәстүр арнасында маркстік теорияның негізгі құндылықтарын 

кейбір ғалымдар мен публицистер ескі, қасаң қағида түрінде көрсетіп 

келген.  Марксизмді  бұзып  көрсеткені  үшін  сталинизмді  әділетті 

жазғыра отырып, бұл көзқарасты жақтаушылар сонымен бірге Маркс 

пен  Энгельстің  мұрасына,  оның  теориялық-әдістемелік  пікірлеріне 

қандай да бір сыни көзқарастың болуы мүмкіндігін шын мәнінде жоққа 

шығарады  және  сол  арқылы  олардың  шығармашылық  мұрасындағы 

кейбір қарама-қайшы ойлардың тұралап қалуына себеп болады.

Екінші  жауап  –  осы  уақытқа  қарай  басымдық  алып  келе  жатқан 

балама  үрдіс:  марксизмге  бастапқыдан-ақ  дұрыс  емес  немесе  уақыт 




218

өте  келе  дұрыс  болмаған  қағидалар  негіз  болғанына,  ал  оларды  іске 

асыру  үшін  жасалған  әрекеттердің  кейіннен  социализмнің  әртүрлі 

өзгерістеріне әкеліп соқтырғанына сендіреді.

Марксизмнің  осы  тектес  «тұжырымдамалық»  кемшіліктеріне 

көбінесе:  Маркс  пен  Энгельстің  нарықтық  шаруашылықты,  капита-

лизмнің  өздігінен  даму  қабілетін  жете  бағаламағандығы;  олардың 

таптық  көзқарасты  даралағаны;  жалпыадамдық  құндылықтарды,  де-

мократияны,  гуманизмді,  қоғам  дамуының  эволюциялық  жолдарын 

жеткіліксіз  бағалағандығы  және,  тиісінше,  күрестің  революциялық, 

әсіресе озбырлық әдістерін асыра бағалағандығы жатқызылады.

Кейбір  авторлар  олардың  қоғамға  деген  көзқарастарының  бос 

қиялдығын сөгеді және олардың ойынша, Ленин ғана алғаш рет әскери 

коммунизмнен  жаңа  экономикалық  саясатқа  (ЖЭС)  өту  барысында 

нарықтық шаруашылыққа, қоғамдық өмірдің демократиялық формала-

рына нигилистік, яғни дәлелсіз жоққа шығаратын көзқараспен қарауға 

мәжбүр болған.

Осы, бір қарағанда, мүлдем кереғар үрдістердің негізінде біздің сана-

мызда қалыптасып қалған: «Маркстің теориясында келешек қоғамның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет