ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет31/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   440
өсі бойынша және күнді айналып қозғалатынын н.коперникке дейін 

1100  жыл  бұрын  білгендігі.  Үнді  математиктері  Жердің  диаметрін 

есептеп шағарған, ал ол ғылымның қазіргі заманғы деректерінен онша-

лықты  алшақ  емес.  Бұл  ғажап  емес  пе?  Осыдан  кейін  біз  ғылым  бас-

тауларының ежелден-ақ Шығыста пайда болмағанын айта аламыз ба?

Алайда  қарсыластарымыздың  уәждеріне  құлақ  салайық.  Олар 

жинақталған білімдердің барлығы бірдей ғылымды қалыптастырмайды 

деген  даусыз  ойға  сендірмек  болады.  Ғылым  жаңа  білімдерді  туды-

ру  бойынша  арнайы  мамандандырылған  мақсатты  қызмет  болып  та-

былады.  Иә,  Шығыста  ондай  арнайы  мамандандырылған  қызмет 

болмады.  Шығыста  білімдер  тікелей  іс  жүзіндегі  тәжірибені  та-

нымал  индукциялық  (жалқыдан  жалпыға  қарай  тексеру  әдісімен) 

қорытындылау  негізінде  жасалып,  отбасы  ішінде  мұрагерлік  кәсіп-

қойлық  ұстанымы  бойынша  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отырды  (оған 

қоса, ол білімдер аталған мамандықты қорғаштаушы Құдайдан келіп 

жетеді деп жорамалданатын).

Ал  Батыста  басқаша  болып  па  еді?  Оның  үстіне,  ежелгі  заман-

нан  бастап  (Аристотель,  Ф.Бэкон)  осы  күнге  дейін  индукциялық 

қорытындылау – ғылымның маңызды әдістерінің бірі болып табылады 

және сондықтан бұл кінәнің неге Шығыстағы ғылымға бағытталатыны 



34

түсініксіз.  Білімдердің  отбасылық  дәстүрмен,  цех  қағидасымен 

беріліп  отыратыны  туралы  айтар  болсақ,  олар  Шығыста  да,  Батыста 

да  солай  болған  (ортағасырлық  Еуропаны  еске  түсіріңіз).  Ғылым  мен 

оның  институттарының  бүгінгі  таңдағы  жай-күйін  ерте  замандарға 

таңуға болмайды ғой. Ежелгі Грекияда да бір немесе басқа ғылымды 

қорғаштайтын Құдайлардың санына есеп жетпейтін. 

Ары  қарай  Шығыстағы  білімдердің  жинақталуының  бейберекет 

сипаты айтылады. Ол туралы төмендегіні айтуға болады. Ғылымның 

жүйелі,  жоспарлы  түрде  дамуы  Жаңа  дәуірде  ғана  басталды.  Ал 

бұлайша даму өте-мөте XX және XXI ғасырлар ғылымына ғана тән.

Әдебиетте айтылатын келесі бір кемшілік – ол Шығыс ғылымының 

оншалықты  орынды  емес  сипаты,  «танымның  таным  үшін»  болма-

уы,  оның  нақты  қолданбалы  міндеттерді  шешуге  арналған  басым 

бағыттылығы. Бірақ тіпті Шығыстағы ғылыми ойдың дамуы тарихы-

нан  келтірілген  жоғарыдағы  фактілердің  өздері,  біздің  көзқарасымыз 

бойынша, ертешығыс дінінің тіпті орынды болып табылмайтын сипаты 

туралы сенімді жоққа шығарады. Таным негізі тәжірибеде, қоғамның 

өмірлік маңызды мәселелерін шешуде жатыр емес пе. «Таным – таным 

үшін»,  «өнер  –  өнер  үшін»  және  басқадай  бағыттар  схоластикалық, 

яғни өмір тәжірибесінен аулақ, көз алдындағыдан басқаны көрмейтін 

теориялаудың өнімдері ғана еді.

Сөйтіп,  бұл  мәселені  азды-көпті  нәтижемен  қарастыра  келе,  біз 

төмендегідей қорытындыға келеміз:

а)  ертешығыстық  өркениеттердің  көп  мыңжылдықтарға  созыла-

тын  тарихы  бар.  Шығыс  әлемге  материалдық  және  рухани  тұрғыда 

көптеген құндылықтар, атап айтқанда, жібек, қағаз, компас, оқ-дәрі, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет