орнықтылыққа жетелейтін мәнге жеткізеді. Тұрақты орнықтылықты
танып білген адам кемелдіктің шыңына шығады. Кемелдікке жет-
кен адам құмарлық-құштарлықтан арылып, дао – мәңгілікке жетеді.
Даошылар осылай деп сендіреді. Даосизм ғажайыптан – құбыжық,
жақсылықтан – жамандық, болмыстан – болмыссыздық көріп, өмір
диалектикасын керемет көрсетеді. Ол үшін үйлесімділік – қарама-
қарсылықтардың осылай қатар өмір сүруі.
Даошылардың ойынша, өзіңді танып білу арқылы басқаларды да та-
нып білесің. Егер бір немесе басқа елді танысаң, онда бүкіл адамзатты
танып білген болып шығасың. «Дана адам білімді бола отырып, оны
көрсетуге ұмтылмайды, ал білімсіз адам әрдайым өзінің білгіштігін
көрсетіп қалуға тырысады» деген нақыл жастар үшін ерекше бағалы
болып табылады.
Ертедегі қытай даналары тұлғаның ішкі дүниесіне, оның қоғамға
көзқарасына үлкен көңіл бөледі. Кон-Фу-Цзы (Конфуций) алғаш рет
Достарыңызбен бөлісу: |