ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет33/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   440
бола алмайды.

Шығыс ойшылдарының әлем туралы, бұл дүниедегі адам болмы-



сының мағынасы жайындағы ой-толғаныстарын айтар болсақ, олар да 


35

бізді өздерінің терең көрегендігімен және даналығымен таңғалдырады. 

Мысалы,  даосизмнің  онтологиясын  (болмыс  туралы  ілімін)  алсақ,  ол 

төмендегідей болып шығады: Дао (болмыссыздық, яғни болмыстың 



жоқтығы)  болмысты  тудырады,  ал  ол,  өз  кезегінде,  табиғаттың 

нақты  бір  денелері  мен  заттарын  (дэ),  яғни  оларға  бөлінген  белгілі 

бір  уақытта  өмір  сүріп,  қайтадан  болмыссыздыққа  оралатындар-

ды  дүниеге  келтіреді.  Ертедегі  қытайлардың  бұл  көрегендігі  «Әлем 

вакуумның  «Үлкен  жарылысы»  деп  аталатын  жарылыстан  жаралған, 

демек, іс жүзінде ештеңеден жаралмаған» деп сендіретін сол заманғы 

астрофизикамен астасып жатыр. Қазақстандық философ А.Хамидовтің 

айтуынша, Шығыс философиясында болмыссыздыққа шығармашылық 

күш  берілген.  Сондықтан  Батыстың  «Ex  nigilo  nigil  fit»  («жоқтан  бар 

тумайды») деген нақылы Шығыстың ақыл-ой шабытына сай келмейді. 

Оған  «Ex  nigilo  totum  fit»  («Барлығы  жоқтан  пайда  болады»)  деген 

қағида сай келеді. Болмыстың осындай түсінігінен: егер ерте ме, кеш пе, 

бәрі де болмыссыздыққа оралатын, ал әлемді Даоның көзге көрінбейтін 

заңдары билейтін болса, онда табиғат заңымен (у-вэй) өмір сүру ке-

рек  деген  өмір  бағдары  келіп  шығады.  Бұл  жерде  еуропалық  санаға 

тән түрленіп өзгеру, табиғатты бағындыру идеясы жоқ.

Даосизм  қарама-қарсылыққа  өту  арқылы  жүзеге  асырылатын 

қозғалысты  мойындайды.  Ерте  көктемде  шөп  жап-жасыл,  жұмсақ, 

нәзік болса, ал қаракүзде сарғайып, қатайып кетеді. Дүниеге жаңа кел-

ген сәби қаншалықты нәзік, әлжуаз, жұп-жұмсақ болса, ал қартайғанда, 

ол  енді  икемсіз,  мыж-тыж  күйге  түседі,  яғни  о  дүниеге  бет  алады. 

Осыған  орай  даошылар:  орасан  зорға  жету  үшін,  кішкентайдан  бас-

тау  керек,  қиындықты  жеңілден  бастап  жеңген  жөн  деген  даналық 

кеңестер  береді.  Бірдеңені  құрту  үшін,  алдымен  оның  гүл  жаруына 

жол  бер,  сонда  ол  өз  ажалын  өзі  табады.  Бақытқа  қол  жеткізу  үшін, 

бақытсыздықты  басыңнан  өткер  («Әйтпесе  бақытты  екеніңді  қалай 

білесің?»  –  деп  сұрақ  қояды  Лао-Цзы).  Кім  шамадан  аспаса  –  сол 

өзін  бақытсыздықтан  құтқарады.  Кім  өз  шекарасын  біледі  –  сол  өзін 

қауіптен сақтайды. Кім оңай жол іздесе – қиындықтарға сол тап бола-

ды. Даошылардың жоғарыда келтірілген адамгершілік ұғымдары бізді 

өздерінің тереңдігімен, даналығымен тамсандырады.



таным. Сезім мен құмарлық бізді Дао танымынан алыстата түседі. 

Олар  арқылы  тек  табиғаттың  нақты  денелерін  танып  білуге  болады. 

Алыпұшпа  құмарлықтан  арылғанда  ғана  жаратылыс  құпияларына 

терең  бойлап,  танып  білуге  болады.  Жаратылыстағы  барлық  заттар 

мен денелер әртүрлі, бірақ олардың барлығы да дамиды және бастапқы 



36

негізіне  қайта  оралады.  Бұны  біз  тыныштық  деп  атаймыз.  Ол  бізді 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет